ТАҒЫ ҮШ КӘСІПОРЫН ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ (ФОТО)
ТАҒЫ ҮШ КӘСІПОРЫН ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ (ФОТО)
7 жыл бұрын 5864 Ақерке БЕКҚҰЛОВА, «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

Бүгін Тараз шаһарында орналасқан ИП "НС", «Табуров А.Т.» ЖК бөдене жұмыртқасын шығаратын және «Куандыкова» ЖК «Халал-ет» дүкені өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын талаптарға сай деп танылып, ҚМДБ «Халал Даму» сертификатына ие болды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі Данияр қажы Жұмабаев пен ҚМДБ халал стандарт бөлімінің Жамбыл облысындағы өкілі Нұрматжан Миразизов аталған кәсіпорындарға арнайы барып, жұмыс ахуалымен танысып қайтты.

Алла тағала Құран Кәрімде: «Әй, иман келтіргендер, ризықтандырғанымыздың жақсысын жеңдер»,- деген. («Бақара» сүресі, 172-аят) Жаратқанның бұйрығына амал етуші осындай кәсіпорындар саны арта түссін дейміз. +

 

0 пікір
Мұрағат