Тағы екі кәсіпорын халал сертификатына ие болды
Тағы екі кәсіпорын халал сертификатына ие болды
4 жыл бұрын 2327 halaldamu.kz
ҚАРАҒАНДЫ:"BASTA" ФАСТ-ФУД ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды қаласындағы "Basta" сауда белгісімен шығарылатын фаст-фуд өнімдері "QMDB halal" стандарты бойынша сертификатталды. Жергілікті инспектор-контролер Ысқақ Абдрахманов пен технолог мамандардың бірлескен бақылау-қадағалау шаралары нәтижиесінде "Benefood" кәсіпорнына тиесілі жеңіл тағамдық өнімдер 2:2016 "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай екендігін растады.

"Basta" фаст-фуд өнімдері Қарағанды қаласы, Бытовая көшесі, 16/2 мекен-жайында өндіріледі. Кәсіпорынға берілген сертификат 18.03.2021- 17.03.2022 мерзімі аралығында жарамды екендігін хабарлаймыз.

"РОМАНОВСКИЙ ПРОДУКТ" ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарына кеңінен танылған, ірі және шағын сауда орталықтарында жиі сатылатын "Романовский продукт" сауда маркалы өнімдер  "QMDB halal" сертификатына ие болды.  "Мясная продукция" кәсіпорнының "Романовский продукт" және "Казахские традиции" сауда белісімен шығарылатын өнімдері "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай деп танылды. 

2007 жылы 50 ш.м цехта сэндвич өндірісімен өз жұмысын бастаған "Романовский продукт" өнімдерінің түрі қазіргі таңда 20-ға жетсе, аумағы 4000 ш.м-ге ұлғайды. "Халал Даму" мамандары "Мясная продукция" кәсіпорнының өндіріс аумағында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, күмәнді өнімдер мен тағамдық қоспаларын лабораториялық тексерістен өткізді.

"Мясная продукция" кәсіпорны нан өнімдері, кондитерлік және кулинарлық өнім түрлерін әзірлейді. Нан - адам денсаулығы мен өмірі үшін  қажетті микроэлементтерді қамтитын маңызды өнім. Сол себепті, пайдасы мен адалдығын қатар үйлестіру үшін өндіріс барысында қолданылатын  шикізаттар пен қосалқы қоспалардың халалдығымен қатар, табиғи, экологиялық таза болуы да назарға алынды. Әзірге "Мясная продукция" кәсіпорнының сэндвич өнімдері мен өндірісте қолданылатын шұжық және фарштары сертификатталды. "Халал Даму" адал өнім өндіруді ғана емес, дайын өнімдердің стандарт талаптарына сай тасымалданып, сатылуын, сақталуын да қадағалайтын болғандықтан,  "Magnum Cash&Carry" супермаркет желілері, "Анвар", ""КенМарт , "Астықжан" т.б ірі сауда орындарында сатылатын "Романовский продукт" және "Казахский традиции" өнімдерінің "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптары" сай сатылуын да бақылауды естен шығармадық", – дейді аталған кәсіпорынды сертификаттаудан өткізген "Халал Дамудың" бас сарапшы-технологы Айжан Омарова.

"Мясная продукция" кәсіпорнының "Романовский продукт" және "Казахские традиции" өнімдеріне берілген "QMDB halal" сертификаты 29.04.2021- 28.04.2022 мерзімі аралығында жарамды екенін хабарлаймыз!

 

 

0 пікір
Мұрағат