Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
|
Қарағанды облысы: «АЯН» сүт фабрикасы сертификатталды
Қарағанды халқына өзінің тіл үйірер сүт өнімдерімен танымал «АЯН» маркасы «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша «QMDB Halal» сертификатын алды.
«Халал ас бұл дініміздің ережелеріне сай өндірілген экологиялық таза өнім. Сол себепті, өз денсаулығына қамқорлықпен қарайтындар — мұсылман болсын, өзге дін өкілі болсын, халал сертификатталған өнімдерді қолдана. «Халал Даму» Қарағанды облысындағы жауапты өкілі Абдрахманов Ысқақ алдағы уақытта бұл өнімдердің халал стандарттарына сай қызмет етуін қадағалайтын болады!
Абай облысы: «Сладкая жизнь» кондитерлік өнімдері сертификатталды
«Халал Дамудың» Абай облысы бойынша өкілі Айдын Жүнісбек «Сладкая жизнь» басшылығына «QMDB Halal» сертификатын табыстады.
«Сладкая жизнь» сауда белгісімен танымал «Жұманбек М.Н.» ЖК кондитерлік өнімдері ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның тексерісінен өту барысында Қоғамдық тамақтану қызметтері ЖШС СТ 96090-1-2021 стандарттарының талаптарына сай екендігі расталды.
Сертификат мерзімі 21.11.2023 жылға дейін жарамды.
Мекен-жайы: Семей қаласы, М.Жұмабаев көшесі, 60.
Қарағанды қаласы: «Premium» ет дүкені сертификатталды
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Абдрахман Ысқақ Рахимбекұлы «QMDB Halal»сертификаты табыстады.
Қарағанды қаласындағы «Topmi KZ»ЖК «Premium halal et» ет дүкені сертификат иеленді. Дүкеннің өнімдері толық тексерістен өткізілді. Аталмыш кәсіпорын 1:2016 “Мал бауыздау және ет өңдеу” және 1:2015 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты бойынша барлық талаптарға сай екені расталды.