Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
2 жыл бұрын 1589 halaldamu.kz
Алматы: «Chef Star» кафесі сертификатталды 

Алматы қаласындағы  «Chef Star» тамақтану орны «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды. 

Тағам дайындауда қолданылатын дайын өнімдер мен тағамдық қоспалар технолог мамандар тарапынан толықтай тексеріліп, қажетті өнімдерге зертханалық сараптама жүргізілді. 
Тексеру жұмыс нәтижелері бойынша, «Chef Star» кафесі «Тамақтану қызметтері», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптары» бойынша сертификатталды. «Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады. 



«Дәмді ет» күркетауық еті өнімдері сертификатталды 

«Дәмді ет» сауда белгісімен шығарылатын «Ордабасы-құс» күркетауық еті өнімдері сертификатталды. Түркістан облысынан арнайы келген кәсіпорын өкіліне «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «QMDB HALAL» сертификатын табыстады. Аталған кәсіпорынның 97 түрлі өнімі «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына» сай деп танылды. Сертификаттың жарамдылық мерзімі 06.10.2022-05.10.2022 жылдар аралығы.

«Ордабасы құс» фабрикасы – күркетауық етін өндіруші еліміздегі алпауыт кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын технология, ветеринария және биоқауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарға сай. Өндіріс орны алдыңғы қатарлы өндірушілердің жоғары сапалы техникалық құрылғыларымен жабдықталған. Кәсіпорында қолданылатын жем-азықтың құрамы, қасапшылардың құсты қолмен бауыздауы мен дайын өнімнің де халал талаптарына сай екендігін хабарлаймыз!

 
0 пікір
Мұрағат