Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
|
Нұр-Сұлтан қ.: «La Pesto» дәмханасы сертификатталды
Нұр-Сұлтан қаласындағы тамақтану орындарының бірі «La Pesto» дәмханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. «Халал Дамудың» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жауапты өкілі Дулат Қадырұлы дәмхана өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады. «La Pesto» дәмханасы «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» стандартына сай деп танылды.
«Ағыл-тегіл нығметтерді берген Раббымыз адалын пайдаланып, ал арамынан аулақ болуды қатаң ескерткен. Келер ұрпақтың ары таза, рухани дүниесі бай болсын десек, бала-шағамызды, отбасымызды халал, таза аспен қамтамасыз етуіміз қажет. Сол себепті, еліміздің әр өңірінде халал кәсіпорындар санын арттыруға тырысудамыз», – деген Дулат Қадырұлы «La Pesto» дәмханасына береке тілеп, алдағы уақытта міндетті аудит шаралары жүргізілетінін ескертті.
«Халал Даму» мамандарының қатысуымен дәмхана аумағында ревизорлық бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, шикізаттары мен тағамдық қоспалары толықтай тексерілді. «La Pesto» дәмханасына берілген «QMDB HALAL» сертификаты 02.06.2022 - 01.06.2023 жарамды.
Қарағанды: «Плов в коробочке» дәмханасы сертификатталды
Қарағанды қаласындағы «Плов в коробочке» тамақтану орны «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов табыстады.
Технолог Айзат Ермекқызы мен жергілікті инспектор-контолер мамандардың бірлесе жүргізген тексерістің оң нәтижесінен кейін аталған тамақтану орны «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» халал стандартына сай деп танылды. «Плов в коробочке» дәмханасына берілген «QMDB Halal» сертификаты 16.06.2022 - 15.06.2023 мерзімі аралығында жарамды екенін хабарлаймыз.
"Pahlava" дәмханасы сертификатталды
Нұр-Сұлтан қаласындағы "Pahlava" дәмханасы "QMDB Halal" сертификатына ие болды. "Мақсатұлы Әмір" жеке кәсіпкерлігіне тиесілі дәмхана "Қоғамдық тамақтандыру қызметі" стандарты талаптарына сай деп танылды. Діни басқармаға келген кәсіпкерге "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы халал сертификатын табыстап, кәсіптеріне береке тіледі.
"Pahlava" дәмханасының мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Күйші Динара көшесі, 13. Сертификаттың жарамдылық мерзімі: 16.05.2022-15.05.2023 ж