Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
3 жыл бұрын 1708 halaldamu.kz
Атырау: «Мамулины вкусняшки» жартылай фабрикаттары сертификатталды 

Атырау қаласында орналасқан «Дәмді» кәсіпорнының «Мамулины вкусняшки» сауда белгісімен шығарылатын жартылай фабрикаттары «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Аталған кәсіпорын өкіліне халал сертификатын облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы табыстады.

Кәсіпорынның өндіріс аумағында  «Халал Дамудың» бас сарапшы технологы Айжан Қалмаханқызы бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, нәтижесінде «Мамулины вкусняшки» жартылай фабрикаттарының 48 түрлі өнімі «Халал өнімдерді өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды.

«Мамулины вкусняшки» жартылай фабрикаттарына берілген «QMDB Halal» сертификаты 15.04.2022 - 14.04.2023 мерзімі аралығында жарамды.

Нұр-Сұлтан қ.: «Mary» дәмханасы сертификатталды 

Рамазан айының қарсаңында елорда қоржыны тағы бір халал дәмханамен толықты. Атап айтқанда, «GastroHill» кәсіпорнына тиесілі «Mary» дәмханасы «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Технолог мамандардың зертханалық және аудиторлық тексерістерінің оң қорытындысынан кейін, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «Mary» дәмханасы өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«GastroHill» кәсіпорнының «Mary» дәмханасына берілген «QMDB Halal» сертификаты 26.04.2022-25.04.2023 ж аралығында жарамды екенін хабарлаймыз.

Дәмхана мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ көшесі, 60/Б.

0 пікір
Мұрағат