Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
4 жыл бұрын 2927 halaldamu.kz Қарағанды, Шымкент облыстарының баспасөз қызметі
ҚАРАҒАНДЫ: ӨҢІРДЕГІ АЛҒАШҚЫ ТАҒАМДЫҚ ҚОСПА КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Қарағанды облысында  тағамдық қоспа әзірлейтін алғашқы  кәсіпорын "QMDB halal" сертификатын иемденді. "Про технологии" кәсіпорнының "Zertina" сауда белгісімен шығарылатын 25 түрлі тағамдық қоспалары 3:2016 «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификатталды.

Мекемеге арнайы тексеріс жұмыстарын «Халал Дамудың» Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі  Ысқақ Рахимбекұлы  жүргізіп, кәсіпорын өндірісінің халал стандарт талаптарға сай  екендігін растады. Сонымен қатар, технолог мамандардың тыңғылықты тексерісі мен лабораториялық зерттеудің оң нәтижиесінен кейін, «Қазыбек би» мешітінде    "Про технологии" кәсіпорнына халал стандартына сәйкестігін куәландыратын сертификат табысталды.

Шымкент: 6 кәсіпкерге «Халал Даму» сертификаты берілді

Шымкент қалалық орталық мешітінде «Халал Даму» ЖШС-ның Шымкент қаласындағы өкілдігінің ұйытқы болуымен «Халал тағам: адал мен күмән арасы» атты іс-шара өтті.

Басқосуға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы және «Халал Дамудың» Шымкент қаласындағы бақылаушысы Қазыбек Сарыбаев қатысып, кәсіпкерлердің жұмысына табыс тіледі.

Іс-шара барысында Бақдәулет Нұрматұлы Шымкент қаласы мен Түркістан облысына қарасты 6 кәсіпкерге ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның сертификатын табыс етті.  Атап айтқанда, Түркістан облысы Сарыағаш қаласындағы «Chak-Chak» дәмханасы, «Taza_Brand» тұшпара цехы, «Нарлен» жұмыртқа цехы, Шымкент қаласындағы «Ali Doner Kebab» фаст-фуд өндірісі, «Құрма» және  «Мейман» халал дәмханалары ие болды.

Сонымен қатар басқосуға тәжірибе алмасу мақсатында бұрын ҚМДБ «Халал Даму» сертификатын алған, бүгінде жемісті еңбек етіп, табыс тауып жүрген «Жасур» ЖШС мен «Нұр-Дәулет» ЖШС шұжық өндірісінің басшылығы да қатысты. 

Жиын соңында Қазыбек Сұлтанбекұлы халал өндірісінің маңыздылығы мен түрлі қоспалар туралы дәріс оқыды. 

Шымкент: 6 кәсіпкерге «Халал Даму» сертификаты берілді

 
0 пікір
Мұрағат