ШҚО-да, Таразда кәсіпорындар мен дәмханаға сертификат, қасапшыларға куәлік берілді
ШҚО-да, Таразда кәсіпорындар мен дәмханаға сертификат, қасапшыларға куәлік берілді
4 жыл бұрын 2660 muftyat.kz Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі, «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Перевалная ауылындағы «Достық жолы» ЖШС «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.

Бұл – күнбағыс майын өндіретін, шығыстағы іргелі кәсіпорындардың бірі. Халықты маймен қамтамасыз етіп отырған бұл мекеменің халал қатарына өтуі өңір үшін аса маңызға ие.

Сонымен қатар халал сертификатын иеленгендер қатары «Адал ет» деп аталатын өніммен де толықты. Бұл мекеме қасапшыларына «Қасапшылық куәлігі» де қоса табысталды.

Сертификаттарды тапсырған ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Дінімізде халал ас тұтынуға ерекше маңыз берілген. Қазіргі таңда халал тағамдарға деген сұраныс күн санап арта түсуде. Қазіргідей індет жайлаған кезеңде халал ас тұтынудың маңыздылығы да ерекше» деп атап өтті.

Бас имам сонымен қатар кәсіп иесіне берекет тілеп, атына заты сай болып, халыққа адал қызмет етуге үндеді.

Дәмханаға халал сертификаты берілді

Халықтың адал асқа сұранысы арта түскен сайын Тараз шаһарында «Халал» стандартына сәйкес өнімдер мен дәмханалар саны күннен-күнге артып келеді. Осындай кезекті сертификатқа ие болған тағам даярлау орны – «Day day chicken».

ҚМДБ «Халал даму» Жамбыл облысы бойынша өкілі Нұрматжан Миразазов аталған тағамдану орнына арнайы барып, тексеріс жұмыстарын жүргізді. Дәмхананың тазалығына, ас даярлауы мен онда қосылып жатқан өнімдерге аса назар аударды.

Айта кетейік, асқа пайдаланатын азық-түліктер ең әуелі зертханалық тексерістен өтіп, сондан кейін өкілдің келуімен екінші бақылау жұмыстары жүргізілді.

Барлық талаптарға сай деп танылған дәмханаға «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды.

 

Тараз: Дәмханаға халал сертификаты берілді

0 пікір
Мұрағат