ҚҰРБАН АЙТТА САҚТАЛУЫ ТИІС ХАЛАЛ СТАНДАРТ ТАЛАПТАРЫ
ҚҰРБАН АЙТТА САҚТАЛУЫ ТИІС ХАЛАЛ СТАНДАРТ ТАЛАПТАРЫ
5 жыл бұрын 2075 muftyat.kz

Мұсылмандардың ұлық мерекелерінің бірі – Құрбан айт. Үш күнге созылатын мейрам жыл сайын мұсылман күнтізбесі бойынша Зүлхижа айының оныншы жұлдызында (Арафа күнінен кейін) және Ораза айт мейрамынан 70 күн өткеннен кейін басталады.

Бұл күні Меккеге барған қажылар Мина алқабында құрбандық шалу рәсімі мен қажылықтың басқа да талап-шарттарын атқарса, қажылық жасауға шамасы келмеген мұсылмандар мешіттерде айт намазын оқып, айтулы мерекенің ең маңызды рәсімі – құрбандық шалады.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл жайында:

«Адам баласы Құрбан айт күні қан шығарудан (құрбандық шалу) басқа абзал амал арқылы Алла Тағалаға жақын болған емес. Құрбандық ретінде шалған малы қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай тұрып Алла Тағаланың құзырында ерекше жоғары дәрежеге жетеді. Сондықтан да шын жүректен әрі ризашылықпен құрбандарыңды шалыңдар»,– деп құрбандық шалудың қаншалықты жауапты әрі сауапты іс екенін айтқан.

Осыған орай, Құрбандық шалу барысында орындалуы тиіс талаптарды назарларыңызға ұсынамыз!

 

0 пікір
Мұрағат