Қажылыққа әйелдер жалғыз бара алмайды. Биыл қажылық маусымы қашан басталатыны және елімізден қанша адамның қажылыққа баратыны белгілі болды
Қажылыққа әйелдер жалғыз бара алмайды. Биыл қажылық маусымы қашан басталатыны және елімізден қанша адамның қажылыққа баратыны белгілі болды
5 жыл бұрын 3017 Назерке Абибулла

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Наиб Мүфти Наурызбай Өтпенов Сауд Арабиясындағы қажылық сапарына бару тәртібін түсіндірді. Бұл жайында baq.kz порталы хабар таратты. 

"Балиғат жасына толғаннан бастап  денсаулығы жараса қажылыққа баруына  шектеу жоқ. Үлкен кісілерге, қатты дерті болса, өміріне қауіп болатын болса оларға дәрігерге қаралып, жазылғаннан кейін барғаны дұрыс деп кеңес береміз. Көбінесе 30 бен 50 жас шамасындағы кісілер қажылыққа барады. Үлкен кісілер де өте көп, себебі жақындары сыйлап, оларды қажылыққа жіберіп жатады",- деді мүфти.

Ол Сауд Арабиясы қажылыққа виза мен квота беру тәртібін түсіндірді.

"Ниет білдірушілер көп болса мүмкіндігіміз бар. Сауд Арабиясы талабында ел тұрғындарының 10 пайыздық көрсеткішіне рұқсат квота бөлінеді делінген. Виза бойынша арнайы шектеу жоқ. Визаны қайтару кездеспеді. Ең бірінші шарт, мұсылман болуы керек. Әйелдер жалғыз баратын болса оларға бермейді. Олардың жанында бірге жүретін ер кісі болуы керек",- деп айтты Өтпенов.

Қажылық маусымының қашан басталатыны белгілі болды

Жыл сайын қажылыққа баратын қазақстандықтар саны артып келеді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нөкежанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.  

Биылғы қажылық маусымы 30 шілдеден басталады. 30 шілде күні қажылыққа ниет танытқан азаматтар Шымкент пен Ақтау қалаларынан Сауд Арабиясына аттанады. Осы қажылыққа бару бойынша Сауд Арабиясы корольдігі тарапынан бізге 3 200 азаматқа квота берілді", - деп айтты Нөкежанов.

Қазақстандықтарды қажылыққа Сауд арабиясының Fly Nus және Қазақстанның Scat әуе компаниясы тасымалдайды.

Мұсылмандар діни басқармасы жанынан 12 адамнан тұратын арнайы қажылық миссиясы құрылды. Оның құрамына 8 басқарма өкілі, дін істері комитетінің өкілі және 3 дәрігер кірді. Миссияның төрағасы - бас мүфтидің орынбасары Алау Әділбаев.

Оның сөзінше, жыл санап қажылыққа баратын қазақстандықтар саны артып келеді. 1990-2019 жылдар арасында азаматтарға Сауд Арабиясы тарапынан 56 635 қажылық квота бөлінген. 1990 жылы 50 квота бөлінсе, бүгінде саны 3200-ге жетіп отыр.

0 пікір
Мұрағат