«ПӘТУАЛАР ЖИНАҒЫ» ЖАРЫҚ КӨРДІ
«ПӘТУАЛАР ЖИНАҒЫ» ЖАРЫҚ КӨРДІ
9 жыл бұрын 5663 muftyat.kz
Оңтүстік Қазақстан облысында Бас мүфти Ержан қажының төрағалығымен өтіп жатқан ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің ХІ отырысында Кеңесте талқысынан өтіп, қабылданған «Пәтуалар жинағының» бірінші кітабының тұсауы кесілді.

Жаңа жинақта өткен жылы талқыланып, қабылданған 30 пәтуаның толық мәтіні қамтылған. Атап айтқанда, түсік жасатудың үкімі, этил спирті бар дәріні пайдалану, Исламдағы педофилдің үкімі, қыз алып қашудың үкімі секілді пәтуалар енгізілген.

Ғұламалар Кеңесінің атқарып жатқан жұмысына жоғары баға берген Бас мүфти Кеңес мүшелеріне алғысын білдірді.

Сондай-ақ, бүгінгі отырыста «Жаназа» кітабын талқылау және оны баспаға ұсыну; «Дін мен дәстүр» атты ІІ кітапты талқылап, баспаға ұсыну; «Азаматтық некенің шариғи үкімі» пәтуасын талқылап, қабылдау; «Жаназада жасалатын үрдістер үкімі» пәтуасын талқылап, қабылдау; «Кесене тұрғызудың үкімі» пәтуасын талқылап, қабылдау, т.б. секілді бірнеше тақырыптар төңірегінде пікір айтылып, пәтуа бекітілетін болады.  

0 пікір
Мұрағат