ӨКІЛ ИМАМ ӨЗІНЕ БЕРІЛГЕН АВТОКӨЛІК КІЛТІН МЕШІТТЕГІ ТАЗАЛЫҚШЫ ӘЙЕЛГЕ ТАБЫСТАДЫ
ӨКІЛ ИМАМ ӨЗІНЕ БЕРІЛГЕН АВТОКӨЛІК КІЛТІН МЕШІТТЕГІ ТАЗАЛЫҚШЫ ӘЙЕЛГЕ ТАБЫСТАДЫ
8 жыл бұрын 8350 muftyat.kz Ақмола облыстық «Науан Хазірет» мешітінің баспасөз хатшысы

Бүгін қасиетті жұма күні ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Ақмола облысында өкіл имам болып еселі қызмет еткен Қанат қажы Қыдырмин елордадағы еліміздің басты діни-рухани орталығы  – Әзірет сұлтан мешітіне наиб имам қызметіне ауысты.

Көкше жұрты осында тоғыз жыл бас имам болып қызмет атқарған Қанат Қыдырминге ерекше ықылас танытып, ризашылық білдірді. Көкше жұртының атынан елге танымал азаматтар Мұрат қажы Ыдырысов пен Болат Жанәділов ізгі тілектерін айтып, иығына шапан жауып, жеңіл көлікті сыйға тартты.

Қанат Қыдырмин өзіне қолдау білдіріп, асыл дінімізді насихаттауға үлес қосқан барша қауымға жүрек тебірентер лебізін жеткізді. Өзіне жапқан шапанды күн сайын азан үнімен жұртты ұйытқан мешіт азаншысы Алтынбек Аманжоловқа, ал, жеңіл көлікті мешіттің тазалықшысы болып еңбек ететін жалғызбасты ана мен оның отбасына тарту етті.

Ал, Ақмола облысының жаңа бас имамы болып Астана қалалық "Әлжан ана" мешітінің бас имамы қызметін атқарған Қуаныш Жұмабайұлы Сәбит тағайындалды. Наиб мүфти Серікбай қажы Ораз жаңа имамды таныстырғасын оған жаңа қызметте табыс тіледі.

2 пікір
  • Алла разы болсын!
    8 жыл бұрын
  • міне, осындай имамдардан үлгі-өнеге алуымыз керек, осындай имамдарға сенім артуымыз керек, шын мәнінде мұсылман деген атқа лайықты
    8 жыл бұрын
Мұрағат