|
Өкіл имам Елбасының «Шапағат» медалімен марапатталды
|
Бүгін облыс әкімшілігінің ғимаратында өткен жиында Облыс әкімінің бірінші орынбасары Орынбеков Бекболат Серікбайұлы ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр Алимұхамедұлына ҚР Президентінің марапатын салтанатты түрде табыс етті.
Данияр қажы Елбасымыз Н.Әбішұлының 2014 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Шапағат» медалімен наградталды.
Қоғамға жасаған ерен еңбегіңіздің Елбасы тарапынан бағалануы – халықтың бағасы деп білеміз. Осы қуанышты барша жамағатпен бөлісе отырып, бас имам Данияр Жұмабаевты бүгінгі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыңыз берекелі, еңбегіңіздің табысты болуын, әрдайым биік белестерден көрінуіңізді тілейміз.
Дін саласында аянбай қызмет жасап келе жатқан өкіл имам осы уақытқа дейін бірнеше түрлі марапаттар мен алғыс хаттармен марапатталған болатын. Данияр қажы - қоғамда өз орны бар белсенді дін қызметкері, абыройлы азамат, тамаша басшы және отбасының ұйытқысы.
Лаура Қанатқызы,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Таяу Шығыста террористік ұйым деп танылған қозғалысқа Белгияда басқаша баға берілді