ОБЛЫС ИМАМДАРЫНА ШЕШЕНДІК ӨНЕРДЕН ТРЕНИНГ ӨТЕДІ
|
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезекті жиналысында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Уағыз-насихат және Баспасөз бөлімінің басшыларына облыстардағы имам-молдаларға шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті, уағыз әдебі тақырыптары төңірегінде жүйелі түрде семинар-тренинг өткізуді тапсырды.
«Біз имамдарымызды күн сайын жан-жақты дамытып, жетілдіріп отыруымыз керек. Дін қызметкерінің уағыз айту тәсіліне, әдебіне мән беру қажет. Өздеріңіз білесіздер, «500 зияткер имам» жобасын қолға алдық. Мұндағы негізгі мақсаттарымыздың бірі – имамдардың білімі мен тәжірибесін одан әрі дамытып, белсенді, үздік ағартушы дін қызметкерлерін республикалық игі іс-шараларға, жұмыстарға жұмылдыру», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
Жиналыс соңында ҚМДБ төрағасы өзге де бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.