|
«Назармухамедов Р.С» шұжық цехына берілген халал сертификатының жарамдылығы тоқтатылады
|
«Халал Даму» мамандары тарапынан «Назармухамедов Р.С» шұжық цехында жүргізілген тексеріс барысында анықталған халал стандарты талаптарын сақтамау секілді өрескел қателіктердің орын алуына байланысты аталған кәсіпорын өнімдеріне берілген «QMDB Halal» сертификаты өз күшін жоятындығын хабарлаймыз.
Көрсетілген мерзімнен бастап, «Назармухамедов Р.С« шұжық өнімдерінен «QMDB Halal» таңбасын алу талап етілді. Аталған талап орындалмаған жағдайда, заңсыз пайдаланушы ретінде тиісті құқық қорғау мекемелеріне талап-арыз берілетіндігін хабарлаймыз!
Сонымен қатар, біздің бақылауымыздан шығарылуына байланысты «Назармухамедов Р.С» шұжық өнімдерінің халалдығына «Халал Даму» жауап бермейтіндігін ескертеміз!
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өз-өзін тыңайтатын өсімдік өсірудің жолы табылды
■
Алпауыт елдің биылғы доктринасы: тек күштілеріне көмектесу
■
Қытай алғаш рет жаңғыртпалы энергия көздерінің есебінен электр энергиясына деген жаңа қажеттіліктің орнын толтырды
■
Жыл соңына дейін исламдық ипотека ашылмақ
■
ITS исламдық ITS Shariah индексінің қайта теңгеруін жүргізді