|
"Леденцовый Рай" кәмпиттері сертификатталды
|
Алматыдағы "Леденцовый рай" сауда белгісімен шығарылатын мұз-кәмпиттері халал стандартына сай сертификатталды.
"Халал Дамудың" жергілікті жауапты өкілі Маратхан Мұхтарханұлы "Дубинин" кәсіпорнында ақырғы бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, өнімдердің халал талаптарына сай өндірілетіндігіне көз жеткізді. Нәтижесінде, технологтар мен аудиторлардың тексерісінің оң қорытындысынан кейін "Леденцовый рай" өнімдері "Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды.
Берілген сертификат 16.05.2022-15.05.2023 мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Б.Майлин көшесі, 75 б.




Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өткен жылы қасиетті қос мешітті (Харам мешіті мен Пайғамбар мешіті) есептемегенде туристер ең көп бас сұққан құлшылық үйі белгілі болды
■
Тағы бір ел электронды қоқыс импортына тыйым салды
■
Брендті жылжымайтын мүлік бойынша әлем астанасына айналған қала аталды
■
Әлемде алғаш рет тек әйелдерге арналған замауни мешіт ашылды (фото)
■
Қажылыққа баратындар үшін Qajy Guide қосымшасы іске қосылды