Жолаушылар үшін мешіттер электронды картаға енгізілуде
Жолаушылар үшін мешіттер электронды картаға енгізілуде
4 жыл бұрын 2847

Бүгінгі таңда еліміз бойынша мешіт саны 2716-ға жетті деп хабарлайды Dalainform тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сүйеніп.

«Өткен жылы мүфтияттың 30 жылдық мерейтойы аясында шалғай ауылда орналасқан 30 мешітке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ірі қалалардағы мешітке 97 садақа қабылдау терминалы орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 97 садақа терминалы қойылады. Құлшылық үйлеріне қатысты мәліметтердің электрондық базасы жасалуда. Бұдан басқа осы жылы ірі қалалар мен үлкен жол бойында орналасқан мешіттер электронды картаға енгізіледі. Бүгінде бас мүфти тапсырмасына орай мешіттерді қазақы стильде салу жұмыстарына қатысты нақты жобалар жүзеге асуда», – дейді ҚМДБ мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев.

Бас мүфти жол бойындағы мешіттерге көңіл бөліп, жолаушы азаматтарға қолайлы жағдай жасау мәселесіне баса назар аударуды тапсырды.

ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми қабылдауында бұдан былай еліміздегі мешіттер қазақы нақышта салынатынын мәлімдегені аян. Бұл мақсатта ҚМДБ жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды.

Жолаушылар енді мешіттерді тез табады. Олар электронды картаға енгізілуде

0 пікір
Мұрағат