ЖАМБЫЛ ОБЛ.: 10 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
|
Жамбыл облысындағы бірқатар кәсіпорындар «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталып, кейбіреуі сертификаттарын жаңартты. Атап айтқанда, «Chefstar», «Аbayas», «Salam bro», «Счастье», «Сhicken king», «Zhekas» дәмханалары мен «Мясной мир», «Тансикбаев», «Рахметбаев» шұжық цехтары, «Дим-ка» кондитерлік өнімдері.
Жергілікті технолог, инспектор-контролер маманымыз Аблайхан Карипбаев: «Аталған кәсіпорындардың өндірісі мен қызметі бірнеше ай бойы бақылаудан өткізілді. Күмәнді деген шикізаттары мен қоспалары қолданыстан алынып, кем-кетік тұстары стандартқа сәйкестендірілді. Өнімнің сапасы мен халалдығын қатар алу жүру үшін кәсіпорын қызметкерлеріне түсіндіру, ақпараттандыру шарлары жүргізілді. Екі жақтың бірлескен шараларының оң нәтижесінен кейін ғана сертификат берілді», – деп хабарлайды.