«Иман» журналының жаңа саны оқырманға жол тартты
|
Оқырман басылымның мамыр айындағы санында жарияланған мына материалдармен таныса алады. Журнал «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Дін – ғылымның анасы» мақаласымен ашылды. Онда «Пәтуә» айдарымен «Еңбек етудің маңызы мен адал кәсіп туралы», «Ауру - астан» айдарымен ҚМДБ-ның бөлім меңгеруісі Бейбіт Мырзагелдиевтің «Халал мен харам», «Жанайқай» айдарымен Азат Сәлімгерейұлының «Дінді имамдардан үйренсек», «Уағыз» айдарымен Осман Нұри Топбаштың «Байлығыңыз ажалдан құтқармайды», „Әзірет сұлтан„ мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Мәсәд» сүресінің тәпсірі, «Әдеп» айдарымен «Иман келтіру», «Ғибратнама» айдарымен Имам әл-Ғазалидің «Ей, менің сүйікті балам!» мақалалары мен «Сахих хадистер» айдарымен Абдуссамат Мақаттың «Көркем мінез бен кешірімділік» атты тәржімасы жарық көрді.
Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:
«Раббыңның атымен оқы» айдарымен «Садақа жәйлі хадистер», «Сұрақ-жауап» айдарымен«Бөліп төлесе тауар сатуға бола ма?», «Балаларға базарлық» айдарымен «Пайғамбардың (с.ғ.с.) қой бағуы», «Иләһи терме» айдарымен «Алланың бары ақиқат», «Шариғат» айдарымен«Намазды бұзатын нәрселер», «Сүннет» айдарымен «Тазалық иманға жетелейді», «Тарихи таным» айдарымен «Қожа Ахмед хан», «Жадыңызда жүргей» айдарымен «Қарыздан құтылу үшін», «Боямасыз болмыс» айдарымен «Ата-ананың қадірін білсек», «Келінге кеңес»айдарымен «Енеңіздің тілін табыңыз», «Ой салу» айдарымен «Төрт әйелмен бақыттысыз ба?»,«Шипа Алладан» айдарымен «Дәрумендердің жетіспеушілігі» деген танымдық материалдар да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.
Оқырман есіне: „Иман„ журналының №6 саны Рамазан айына арналады. Көпшілікорындарда, ұжымдық ауызашарларда, басқа да іс-шаралар өткізгісі келушілер онда осыбасылымның Рамазанға арналған арнайы санын және алдағы шығатын басқа да кез келгенсанын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 15-не дейін редакцияға хабарласып,алдын ала тапсырыс беруіне болады.