|
Халал сертифкатына ие болған кәсіпорындар
|
ТҮРКІСТАН: КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Түркістан облысындағы «Adal as» және «Daily food» жартылай фабрикаттары «QMDB Halal» сертификаттарын жаңартты. Сертификатты Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы табыстады.
Сертификат беру алдында аталған кәсіпорындарда «Халал Даму» мамандары тарапынан кешенді тексеру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда: шикізаттың халал талаптарына сәйкестігі, қойма, цех және өндірістік құрал-жабдықтардың тазалығы, өнімнің қапталуы мен сақтау шарттары, құжаттамалар мен технологиялық процестердің толықтығы мұқият сарапталды.
Айта кетейік, «Daily food» компаниясы бірнеше жылдан бері тұтынушыларға адал өнім ұсынып келеді. Кәсіпорын Түркістан қаласындағы бірқатар қоғамдық тамақтану орындарын қамтиды. Ал «Adal as» өндірісі жартылай фабрикат өнімдерімен жергілікті нарықта кеңінен танымал.


АҚТӨБЕ: «ФИРДАУС» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Ақтөбе қаласындағы «Фирдаус» дәмханасының «QMDB Halal» сертификаты жаңартылды. «Халал Дамудың» жергілікті технологы Ақмаржан Ержанқызы дәмхана аумағында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, кәсіпорын өкіліне халал сертификатын табыстады.
Тексеру барысында дәмхананың ас мәзірінде қолданылатын барлық шикізат пен қосалқы өнімдердің шығу тегі мен сапасы, қойма мен асхананың санитарлық жағдайы, қызметкерлердің халал талаптарын сақтау деңгейі жан-жақты қаралды.
Айта кетейік, «Фирдаус» дәмханасы Ақтөбе тұрғындарына бірнеше жылдан бері адал ас ұсынып келе жатқан қоғамдық тамақтану орны. Сертификаттың жаңартылуы мекеменің халал талаптарын жүйелі түрде орындап отырғанын көрсетеді.
