Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
1 сағат бұрын 22 halaldamu.kz
АТЫРАУДА БІРҚАТАР ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНА «ХАЛАЛ ДАМУ» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы бірқатар қоғамдық тамақтану орындарына ҚМДБ «Халал Даму» куәліктерін табыстады.

Атап айтқанда, “Cakes&Bakes” тамақтану орнына, “Salam Bro Fast Food” желісінің екі дүкеніне және “Yaçar Usta Et” ет дүкеніне халал стандартына сай келетін арнайы куәліктер берілді.

Куәлік табыстау барысында бас имам халал талаптарын сақтау – мұсылман тұтынушылар үшін аса маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ адал ас ұсыну, тағамның дайындалу процесінде тазалық пен шариғат талаптарын сақтау кәсіпкерлер үшін үлкен жауапкершілік екенін жеткізді.

Өз кезегінде кәсіпкерлер де халал талаптарын сақтай отырып, халыққа сапалы әрі адал өнім ұсынуға дайын екендерін айтты.

Айта кетейік, ҚМДБ «Халал Даму» куәлігі тағам өнімдерінің дайындалуы мен сатылуы ислам талаптарына толық сәйкес келетінін растайды

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА «BIZDIN ET» ЕТ ДҮКЕНІ МЕН «СЫҒАНАҚ» ЖАРТЫЛАЙ ДАЙЫН ӨНІМДЕРІНЕ «ХАЛАЛ ДАМУ» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

Ақтөбе қаласында орналасқан Bizdin et ет дүкені және «Сығанақ» жартылай дайын өнімдеріне «QMDB Halal» стандартына сәйкес халал куәлігі табысталды.

Тексеріс барысында кәсіпорындардағы өнімдердің дайындалу үдерісі, қолданылатын шикізаттың халалдығы, сақтау талаптары және өндірістік тазалық нормалары жан-жақты қарастырылды. Аудит нәтижесінде аталған нысандар халал талаптарына толық сай деп танылып, арнайы куәлік берілді.

Аталған жұмыстар тұтынушыларға адал әрі сапалы өнім ұсыну мақсатында «Халал Даму» мекемесі тарапынан тұрақты түрде жүргізілуде.

0 пікір
Мұрағат