|
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
|
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДА «МК ЕВРАЗИЯ-АГРО» ЖШС-НЕ «ХАЛАЛ ДАМУ» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Павлодар қаласында орналасқан «МК Евразия-Агро» ЖШС кәсіпорнына Халал Даму тарапынан халал талаптарына сәйкестігін растайтын ресми куәлік табысталды.
Тексеру барысында өндіріс барысы, қолданылатын шикізаттың құрамы, сақтау және тасымалдау шарттары, сондай-ақ қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау деңгейі жан-жақты сарапталды. Нәтижесінде кәсіпорын өнімдерінің халал стандартына толық сәйкес келетіні анықталды.
Куәлік табыстау барысында халал өндіріс талаптарын сақтау – тұтынушы сенімінің басты кепілі екені атап өтілді. Бұл құжат кәсіпорынның сапа мен жауапкершілікке басымдық беретінін айқындайды.
Алдағы уақытта да кәсіпорын тарапынан халал талаптарын жүйелі түрде сақтау және бақылау жұмыстары жалғасатын болады.
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ХАН ҚЫМЫЗ» ӨНІМДЕРІНЕ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ
Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе қалалық Орталық мешітте «Хан қымыз» қымыз өнімдеріне «Халал Даму» куәлігі табысталды.
Салтанатты рәсімде куәлікті Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әли кәсіпорын өкілдеріне арнайы табыс етті.
Берілген куәлік өндіріс үдерісінің, қолданылатын шикізаттың және дайын өнімнің халал талаптарына толық сәйкестігін айғақтайды. Тексеру барысында технологиялық процестер, санитарлық-гигиеналық талаптар және сақтау шарттары мұқият сарапталды.
Бұл куәлік – кәсіпорынның жауапкершілігін арттырып, тұтынушылар сенімін күшейтуге бағытталған маңызды құжат. Алдағы уақытта да талаптардың сақталуы жүйелі түрде бақылауда болады.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА КӘСІПОРЫНДАРҒА «ХАЛАЛ ДАМУ» КУӘЛІКТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
Алматы қаласында бірқатар өндірістік нысандарға «Халал Даму» стандартына сәйкестігін растайтын куәліктер ресми түрде табысталды. Атап айтқанда, «Food Technology» және «Keremet food» кәсіпорындары халал талаптарына толық сай екендігін дәлелдеп, арнайы куәлік иеленді.
Сараптамалық тексеріс барысында шикізаттың құрамы, өндірістік үдерістер, сақтау шарттары мен тасымалдау тәртібі жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, технологиялық бақылау, санитарлық талаптардың сақталуы және құжаттамалардың дұрыстығы назарға алынды.
Кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарының маңызы, жауапкершілік деңгейі және алдағы уақытта талаптарды тұрақты түрде сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Берілген куәлік – өнім сапасына деген сенімді арттырып қана қоймай, тұтынушылар алдындағы жауапкершілікті күшейтеді. Алдағы кезеңде де өндіріс барысы тұрақты мониторингтен өтетін болады.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАРҒА ХАЛАЛ КУӘЛІК ТАБЫСТАЛДЫ
Шымкент қаласында бірқатар өндіріс орындары мен цехтар халал талаптарына сәйкестігін растады. Атап айтқанда, “Eliko Snacks” ЖШС снэк өнімдері, “D-group” ЖК қасапханасы және “Нәр талқан” талқан өндірісі алғаш рет “Халал Даму” куәлігін алды.
Тексеру барысында кәсіпорындардағы шикізаттың сапасы, өндірістік үдерістердің шариғат талаптарына сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық жағдайлар мен сақтау шарттары жан-жақты қаралды. Нәтижесінде аталған нысандарға халал стандартына сай жұмыс жүргізуге рұқсат берілді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы “Ханский”, “Кая”, “Шымкент құс” және “Нарлен” цехтары халал куәліктерін жаңартты. Бұл – аталған кәсіпорындардың талаптарды тұрақты түрде сақтап, өнім сапасына жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді.
Мұндай жұмыстар тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің адалдығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Алдағы уақытта да бақылау және мониторинг шаралары жүйелі түрде жалғасатын болады.
АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ «САМАРКАНД» ШӘЙХАНАСЫНА «QMDB HALAL» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ
Астана қаласында орналасқан «Самарканд» шәйханасында жүргізілген жоспарлы тексеріс жұмыстары толық аяқталып, нәтижесінде мекемеге «QMDB HALAL» куәлігі табысталды.
Тексеру барысында ас дайындау үдерісі, қолданылатын шикізаттың халал талаптарына сәйкестігі, сақтау және жеткізу шарттары, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы жан-жақты сараланды.
Аудит қорытындысы бойынша шәйхана қызметі белгіленген халал стандарттарға сай деп танылды. Куәлікті мекеме басшылығына «QMDB HALAL» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
Бұл куәлік – тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің шариғат талаптарына сәйкес дайындалатынын айғақтайтын ресми құжат. Алдағы уақытта да стандарт талаптарының тұрақты сақталуы қадағалауда болады.