|
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
|
«TAGAM FABRICA» ЖӘНЕ «RAMAZAN QUS» КӘСІПОРЫНДАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Ақтөбе қаласындағы «Tagam fabrika» жартылай фабрикаттары мен «Ramazan Qus» фабрикасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды.
Сертификаттау барысында кәсіпорындарда өндірістік үдерістер, қолданылатын шикізаттардың халал талаптарына сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық жағдай, сондай-ақ дайын өнімнің сапасы жан-жақты тексерілді. Аудит нәтижесінде барлық талаптардың қатаң сақталатыны анықталып, ешқандай ескерту тіркелген жоқ.
Аталған кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификаттарының табысталуы тұтынушыларға ұсынылатын өнімдердің қауіпсіз әрі халал талаптарына сай екендігін растайды және отандық халал өнім нарығындағы сенімділікті арттыра түседі.
ПЕТРОПАВЛ: КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Петропавл қаласындағы бірқатар кәсіпорындар халал сертификатын жаңартты. Атап айтқанда, «CTR chicken» фаст-фуд дәмханасы, «Компот» асханасы, «Баракат» ұн өндірісі, «Нургожинов» ет дүкені.
«Халал Дамудың» жергілікті өкілі Мақсат Аманжолов кәсіпорындарда аудит жұмыстарын жүргізіп, халал куәлігін табыстады. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Мақсат Аманжолов технологиялық процестерді, шикізат құжаттарын, санитариялық-гигиеналық талаптардың орындалуын, қызметкерлердің дайындық деңгейін және өндірістік жабдықтардың тазалығын мұқият бақылаудан өткізді. Сертификатталған кәсіпорындарда алдағы уақытта да тұрақты аудит жұмыстары жүргізілетін болады.




АЛМАТЫ: ЕКІ КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы қаласындағы «Salam Bro» дәмханасы мен «Spa Sky» емдік-профилактикалық өнімдеріне «QMDB Halal» сертификаты табысталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Өміржан Терлікбаев бастаған мамандар тобы кәсіпорындар аумағында аудит жұмыстарын жүргізіп, өндіріс пен дайын өнімдердің халал талаптарына толықтай сай екендігін растады.
Аудит барысында шикізат көздері, өндірістік үдерістер, санитарлық-гигиеналық жағдай, сақтау және тасымалдау талаптары жан-жақты тексерілді. Сонымен қатар қызметкерлердің жұмыс тәртібі мен ішкі бақылау жүйесінің халал стандарттарына сәйкестігі де назарға алынды.
Тексеру қорытындысы бойынша аталған нысандардың барлық талаптарды сақтайтыны анықталып, кәсіпорын өкілдеріне «QMDB Halal» сертификаты салтанатты түрде табысталды. Бұл сертификат тұтынушыларға ұсынылатын өнімдер мен қызметтердің шариғат талаптарына сай әрі қауіпсіз екенін растайды.


АЛМАТЫ ОБЛ.: «KHAN GOURMET» КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы облысы, Талғар қаласындағы «Khan Gourmet» шұжық және жартылай фабрикат өндірісі «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификаттау рәсіміне облыстың бас имамы Мадияр Тағайбайұлы және «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков қатысты.
Мекеменің өндіріс аумағында толыққанды аудит жүргізіліп, шикізат қабылдау кезеңінен бастап дайын өнімнің буып-түюіне дейінгі барлық технологиялық процестер тексерілді. Сарапшылар жануарларды сою, сақтау, тасымалдау, өндіріс алаңының тазалығы, қызметкерлердің санитарлық-гигиенаны сақтауы мен қосалқы ингредиенттердің құрамы секілді маңызды бағыттарға ерекше назар аударды. Барлық талаптар орындалған соң кәсіпорынға ресми түрде халал сертификаты табысталды.
Сертификат табыстау барысында облыстың бас имамы Мадияр Тағайбайұлы кәсіпорын ұжымын құттықтап, халал стандарттарының сақталуы тұтынушылар үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков өндірістің жүйелі түрде бақылауда болатынын, алдағы уақытта да жоспарлы және жоспардан тыс аудиттер жүргізілетінін жеткізді. «Khan Gourmet» өкілдері де тұтынушылар сенімін ақтау үшін сапа мен қауіпсіздік талаптарын үнемі жетілдіріп отыратынын айтты.
