|
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
|
ШЫМКЕНТ: «МЕЧТА» КОНДИТЕРЛІК ЦЕХЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Шымкент қаласындағы «Мечта» кондитерлік цехы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Қазбек Сарыбаев табыстады.
«Мечта» кондитерлік цехында өнім өндірісінің барлық кезеңі – шикізат қабылдау, сақтау, өндіру және қаптау процесі толықтай қадағаланып, стандарт талаптарына сәйкестігі тексерілді. Кәсіпорын қызметкерлері арнайы халал талаптары бойынша оқытылып, өндіріс орнында тазалық пен адалдық қағидалары сақталуда. Сондай-ақ, тексеріс барысында цехта қолданылатын барлық қоспалар мен ингредиенттердің шығу тегі мұқият зерттеліп, сәйкестік құжаттары назарға алынды. «Мечта» кондитерлік цехы тұтынушыларға адал әрі сапалы өнім ұсынуды басты мақсат етіп, халал стандарттарының тұрақты түрде сақталуын қамтамасыз етуге міндеттелді», – деген Қазбек Сарыбаев ұжымға табыс тілеп, халал өнім өндіру мәдениетін дамытудағы еңбектерін атап өтті. Бұл қадам аймақтағы халал индустриясының дамуына және отандық өнімге деген сенімді арттыруға зор үлес қосады.

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы облысындағы «Malina Desserts», «Omar Pharm» және «Арафат» ет дүкендерінде бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Аудит жұмыстарын «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков пен Талғар ауданының бас имамы Ринат Маратұлы орындады.
Аудит барысында кәсіпорындардың өнімдерінің халал стандарттарына сәйкестігі, қолданылатын шикізаттың шығу тегі, сақтау және өңдеу шарттары, сондай-ақ қызметкерлердің гигиеналық талаптарды сақтау деңгейі мұқият тексерілді. Сарапшылар өндіріс процесінің барлық кезеңдерінде халал талаптарының сақталуын қадағалады.
Тексерістің оң нәтижесінен кейін «Malina Desserts», «Omar Pharm» кәсіпорындарына «QMDB Halal» сертификаты табысталды.

ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ ІРІ КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
«Премиум А» шұжық өндірісі және «Ақнар кулинар» жартылай фабрикаттары «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Аудит жұмыстарын «Халал Дамудың» Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Асқаров жүргізді.
Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік цехтары, шикізат жеткізу және сақтау бөлімдері, дайын өнімнің қапталуы мен тасымалдану кезеңдері егжей-тегжейлі тексерілді. Сарапшылар технологиялық процестердің халал стандарттарына сәйкестігіне, қолданылатын қоспалар мен ингредиенттердің қауіпсіздігіне, сондай-ақ персоналдың санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауына ерекше назар аударды.
Тексеру нәтижесінде екі кәсіпорынның да өндіріс жүйесі толықтай «QMDB Halal» стандартының талаптарына сәйкес келетіні анықталды. Сертификат табыстау рәсімінде мамандар халал талаптарын тұрақты түрде сақтау маңыздылығын атап өтіп, болашақта өндіріс сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар берді.

ҚАРАҒАНДЫ: «BAUYRDAQ» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қарағанды қаласындағы «Bauyrdaq» дәмханасы «QMDB Halal» стандартының талаптарына толық сәйкес келіп, ресми түрде халал сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Даму» мекемесінің жергілікті маманы Амангелді Асқаров табыстап, нысанда жүргізілген тексеріс қорытындысын таныстырды.
«Бақылау барысында дәмханадағы тағам әзірлеу үдерісінің әр кезеңі – шикізат пен азық-түлікті қабылдаудан бастап, сақталуы мен дайындалуы және тұтынушыға ұсынылуына дейінгі барлық процесс мұқият сарапталды. Барлық ингредиенттер мен өнімдердің шығу тегі тексеріліп, халал талаптарына сай екені анықталды. Кәсіпорын ұжымы халал стандарттарының ережелерімен арнайы таныстырылып, адал еңбек пен тазалық қағидаларын күнделікті тәжірибеде берік ұстанып келеді», – деген Амангелді Асқаров өз сөзінде «Bauyrdaq» дәмханасының адал өнім өндіру ісіне жауапкершілікпен қарағанын атап өтіп, алдағы уақытта да халал талаптарын тұрақты түрде сақтауына сенім білдірді.



ШҚО: «ЯСИН» ЖӘНЕ «YAYA» ДӘМХАНАЛАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы «Ясин» және «Yaya» дәмханалары «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Думан Нәдірұлы табыстады.
Сертификат табыстау барысында бас имам халал стандарттарының мәні мен мақсатын түсіндіріп, сертификаттау процесінің кезеңдері туралы егжей-тегжейлі баяндады. Ол халал талаптарын сақтау тек діни міндет емес, сонымен қатар тұтынушыға сапалы әрі қауіпсіз өнім ұсынудың кепілі екенін атап өтті. Дәмхана басшылары өз кезегінде халал қағидаттарын ұстану – олардың басты басымдығы екенін және алдағы уақытта да осы бағытта тұрақты түрде жұмыс жүргізетіндерін жеткізді.
