|
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
|
ШЫМКЕНТ: «ZUURAY» СУСЫНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Шымкент қаласындағы «Zuuray» алкогольсіз сусындары «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Қазбек Сарыбаев табыстады.
Тексеру барысында өндірістің барлық сатылары — шикізатты қабылдау, сақтау, өндіру, құю және орау үдерістері халал стандарттарының талаптарына толық сәйкес келетіні анықталды. Сондай-ақ, қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау деңгейі, құрал-жабдықтарды тазалау мен дезинфекциялау тәртібі де бақылаудан өтті.
«Халал сертификатын алу – біз үшін үлкен жауапкершілік әрі сенім белгісі. Тұтынушыларымызға адал әрі сапалы өнім ұсыну – басты мақсатымыз», – деді «Zuuray» компаниясының өкілі. Өз кезегінде «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша өкілі Қазбек Сарыбаев халал талаптарын сақтау тек діни тұрғыда ғана емес, сонымен қатар өнім сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды көрсеткіші екенін атап өтті.

«PAKNAR» КОНДИТЕРЛІК ТАҒАМ ҚОСПАЛАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы облысындағы «Paknar» кондитерлік тағам қоспаларын өндіретін кәсіпорын «QMDB Halal» стандартының талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» ұйымының Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Жұмабеков табыстады.
Сертификаттау барысында кәсіпорынның шикізат жеткізушілері, өндіріс желісі, қойма және дайын өнім бөлімдері толық тексерістен өтті. Барлық өндірістік үдерістер мен пайдаланылатын қоспалардың құрамы мұқият зерттеліп, шариғат талаптарына және халал стандарттарға толық сәйкестігі расталды.
Кәсіпорын өкілдері алдағы уақытта да халал стандарттарын тұрақты түрде сақтап, тұтынушыларға адал әрі сапалы өнім ұсынуды басты мақсат ететіндерін жеткізді. Өз кезегінде «Халал Даму» өкілі кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарттарының талаптары мен өндірістегі тазалық қағидалары жөнінде оқу-семинар өткізіп, халал өндіріс мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

ҚАРАҒАНДЫ: «QAZQUS» БӨДЕНЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылдық округіне қарасты «Qazqus» бөдене шаруашылығы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай деп танылып, ресми түрде сертификатталды.
«Халал Даму» мамандары Нұрбек Қанатұлы мен Амангелді Асқаров аталған кәсіпорынның өндіріс процесімен танысып, құс бағу, жем-шөп дайындау, жұмыртқа жинау және өңдеу кезеңдерін егжей-тегжейлі тексерді. Аудит барысында қолданылатын жем құрамында жануар тектес немесе халалға сай емес қоспалардың жоқтығы расталды.
Сонымен қатар, мамандар бөденелерді сою және өнімді буып-түю кезінде санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына, тазалық пен адалдық қағидаттарының орындалуына ерекше назар аударды. Тексеру қорытындысы бойынша, шаруашылықтың барлық өндірістік үдерістері «QMDB Halal» стандарты талаптарына толық сәйкес деп танылып, кәсіпорынға ресми халал сертификаты табысталды.



ҚАРАҒАНДЫ: «PARAPA PIZZA» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қарағанды қаласындағы «Parapa Pizza» фаст-фуд дәмханасы сертификатталды. Жергілікті маман Амангелді Асқаров дәмхана аумағында аудит жұмыстарын жүргізіп, дайын өнімдердің халал талаптарына толықтай сай екендігін растады.
Тексеру барысында дәмхананың тағам дайындау барысындағы барлық кезеңдер – шикізатты қабылдау, сақтау, өңдеу және тұтынушыға ұсыну процестері егжей-тегжейлі сарапталды. Барлық өнімдер мен қосалқы ингредиенттердің шығу тегі расталып, халал талаптарына толық сәйкес екені анықталды.
Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарттарының маңыздылығы, өндіріс барысында тыйым салынған заттарды қолданбау, және тазалық пен адалдық қағидаттарын сақтау бойынша арнайы семинар өткізілді. Нәтижесінде «Parapa Pizza» фаст-фуд дәмханасы тұтынушыларға адал әрі сапалы өнім ұсынатын кәсіпорын ретінде «QMDB Halal» сертификатына ие болды.


ҚАРАҒАНДЫ: «ДОСТАР» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қарағанды қаласындағы «Достар» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» Қарағанды қаласы бойынша жауапты өкілі Амангелді Асқаров табыстады.
Сертификаттау барысында дәмхана мәзіріндегі өнімдердің құрамы, ет пен қосалқы өнімдердің жеткізу тізбегі, тағам әзірлеу үдерісі және қызметкерлердің тазалық пен халал талаптарын сақтау деңгейі жан-жақты тексерілді.
«Достар» дәмханасының басшылығы халал қағидаттарына сай қызмет көрсету – тұтынушылар сенімін арттырып, сапаны жоғарылатудың басты кепілі екенін атап өтті. «Халал Даму» мамандары алдағы уақытта да кәсіпорынмен бірлесе жұмыс жасап, стандарттардың тұрақты сақталуына мониторинг жүргізетінін жеткізді.
«Достар» дәмханасына берілген халал сертификаты 08.10.2025-07.10.2026 жж мерзімі аралығында бір жылға жарамды. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Орбита1, 16/2.


ҚАРАҒАНДЫ: «DONER FOOD» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қарағанды қаласындағы «Doner food» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Дәмхана аумағында тиісті аудит жұмыстары жүргізіліп, өндіріс пен дайын өнімнің халал талаптарына толықтай сай екендігіне көз жеткізілді. Аудиттің оң қорытындысынан кейін жергілікті маман Амангелді Асқаров халал сертификатын табыстады.
Сертификат табыстау барысында кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарының маңыздылығы мен оны тұрақты түрде сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, дәмхана қызметкерлеріне өндіріс процесінде тазалық пен адалдық қағидаттарын қатаң ұстану жөнінде кеңес берілді. «Doner food» басшылығы алдағы уақытта да тұтынушыларға сапалы әрі шариғат талаптарына сай тағам ұсынуды басты міндет етіп алатынын атап өтті.
«Doner food» дәмханасына берілген халал сертификаты 30.09.2025-29.09.2026 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Степной көшесі 1/ 5а.



ҚАРАҒАНДЫ: «DONER CLUB» ТАМАҚТАНУ ОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қарағанды қаласындағы «Doner Club» тамақтану орны «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі мангелді Асқаров дәмхана аумағында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорын өкіліне халал сертификатын табыстады.
Сертификаттау барысында кәсіпорында қолданылатын шикізаттың құрамы, сақтау және өндіру үдерістері, сондай-ақ қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауы жан-жақты тексерілді. Барлық үдеріс «QMDB Halal» стандарты талаптарына толық сәйкес деп танылды.
«Doner Club» дәмханасына берілген сертификат 22.09.2025-21.09.2026 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы 28/1.


ТЕМІРТАУ: «DEGIRMЕN» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қарағанды қаласындағы «Degirmen» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Амангелді Асқаров дәмхана аумағында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, кәсіпорын өкіліне халал сертификатын табыстады.
Сертификаттау барысында дәмхананың тағам әзірлеу процесі, шикізат жеткізушілері, ет пен ет өнімдерінің жеткізу тізбегі, қойма мен ас үй жағдайы егжей-тегжейлі тексерілді. Барлық кезеңде «QMDB Halal» стандартының талаптарына сай жұмыс жүргізіліп, өнімнің тазалығы мен адалдығына баса назар аударылды.
«Degirmen» дәмханасында тұтынушыларға ұсынылатын тағамдарға тек халал шикізат қолданылады. Барлық ет өнімдері арнайы тексеруден өткен, сенімді және сертификатталған жеткізушілерден алынады. Сонымен қатар, ас үй қызметкерлеріне халал талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ішкі бақылау жүйесі енгізілді.
«Халал Даму» ұйымының өкілдері кәсіпорын басшылығына адалдық, тазалық және жауапкершілік қағидаларын тұрақты ұстану керектігін атап өтіп, бұл сертификат тұтынушылар сенімін арттыру мен бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға үлес қосатынын жеткізді.

