|
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
|
«PAKNAR» КОНДИТЕРЛІК ТАҒАМ ҚОСПАЛАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы облысындағы «Paknar» кондитерлік тағам қоспаларын өндіретін кәсіпорын «QMDB Halal» стандартының талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» ұйымының Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Жұмабеков табыстады.
Сертификаттау барысында кәсіпорынның шикізат жеткізушілері, өндіріс желісі, қойма және дайын өнім бөлімдері толық тексерістен өтті. Барлық өндірістік үдерістер мен пайдаланылатын қоспалардың құрамы мұқият зерттеліп, шариғат талаптарына және халал стандарттарға толық сәйкестігі расталды.
Кәсіпорын өкілдері алдағы уақытта да халал стандарттарын тұрақты түрде сақтап, тұтынушыларға адал әрі сапалы өнім ұсынуды басты мақсат ететіндерін жеткізді. Өз кезегінде «Халал Даму» өкілі кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарттарының талаптары мен өндірістегі тазалық қағидалары жөнінде оқу-семинар өткізіп, халал өндіріс мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.


ШЫМКЕНТ: «БЕС ҚАРА» КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы елді мекен «Бес қара» ірі қара ет өнімдерін дайындайтын қасапхана «QMDB Halal» сертификатын жаңартты. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Қазбек Сарыбаев табыстады.
Аудит барысында өндіріс орнының санитарлық-гигиеналық тазалығы, малды бауыздау үдерісінің шариғат талаптарына сай орындалуы және қызметкерлердің халал қағидаларын сақтауы жан-жақты тексерілді.
Нәтижесінде кәсіпорын барлық талаптарға толық сәйкес деп танылып, «QMDB Halal» сертификатын қайта иеленді. Өз кезегінде Қазбек Сарыбаев ұжымға адалдық қағидатын тұрақты ұстанып, тұтынушыларға сапалы әрі халал өнім ұсыну жолында табыс тіледі.

ҚАРАҒАНДЫ: «DONER FOOD» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қарағанды қаласындағы «Doner food» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Дәмхана аумағында тиісті аудит жұмыстары жүргізіліп, өндіріс пен дайын өнімнің халал талаптарына толықтай сай екендігіне көз жеткізілді. Аудиттің оң қорытындысынан кейін жергілікті маман Амангелді Асқаров халал сертификатын табыстады.
Сертификат табыстау барысында кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарының маңыздылығы мен оны тұрақты түрде сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, дәмхана қызметкерлеріне өндіріс процесінде тазалық пен адалдық қағидаттарын қатаң ұстану жөнінде кеңес берілді. «Doner food» басшылығы алдағы уақытта да тұтынушыларға сапалы әрі шариғат талаптарына сай тағам ұсынуды басты міндет етіп алатынын атап өтті.
«Doner food» дәмханасына берілген халал сертификаты 30.09.2025-29.09.2026 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Степной көшесі 1/ 5а.


ҚАРАҒАНДЫ: «DONER CLUB» ТАМАҚТАНУ ОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қарағанды қаласындағы «Doner Club» тамақтану орны «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі мангелді Асқаров дәмхана аумағында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорын өкіліне халал сертификатын табыстады.
Сертификаттау барысында кәсіпорында қолданылатын шикізаттың құрамы, сақтау және өндіру үдерістері, сондай-ақ қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауы жан-жақты тексерілді. Барлық үдеріс «QMDB Halal» стандарты талаптарына толық сәйкес деп танылды.
«Doner Club» дәмханасына берілген сертификат 22.09.2025-21.09.2026 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Құрылысшылар даңғылы 28/1.

