|
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
|
ШЫМКЕНТ: «SUSYN FINE» КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Шымкент қаласындағы «Susyn fine» қоғамдық тамақтану орны «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Қазбек Сарыбаев табыстады.
Сертификат табыстау рәсімінде мекеме ұжымына халал талаптарын сақтау жөнінде кеңестер беріліп, ас мәзірінде қолданылатын өнімдердің құрамы мен жеткізушілердің сенімділігіне ерекше назар аудару қажеттілігі айтылды.
«Susyn fine» басшылығы тұтынушыларға адал әрі сапалы өнім ұсыну – басты қағидалары екенін жеткізді. Алдағы уақытта мекеме халал стандарттарын қатаң сақтап, ас дайындау барысында санитарлық-гигиеналық нормаларды тұрақты түрде бақылауда ұстайтындарын мәлімдеді.
«Susyn fine» кәсіпорнына берілген халал сертификаты 03.09.2025-02.09.2026 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңы, 4.


ҚОСТАНАЙ: БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қасиетті жұма күні Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде бірнеше кәсіпорынға «QMDB Halal» сертификаты табысталды.
Іс-шара барысында облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев «Торта Белла» кондитерлік өнімін өндіретін кәсіпорынға және «Қарасу ет» қасапханасының үш қызметкеріне қасапшы куәліктерін ресми түрде табыстап, кәсіптеріне береке тіледі.


АЛМАТЫ: 3 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы қаласындағы «Bahandi» және «Gippo» фаст-фуд өнімдерін өндіруші кәсіпорындарының сертификаттары жаңартылды. Сонымен қатар, «Береке Тағам.kz» өндірісінің жартылай фабрикаттары да «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Өміржан Терлікбаев кәсіпорын өкілдеріне халал сертификатын табыстап, жұмыстарына табыс пен береке тіледі.
Шара барысында кәсіпорын басшылары өнімдерінің сапасы мен халал талаптарына сай болуын басты назарда ұстайтындықтарын атап өтті. Олар тұтынушыларға адал әрі қауіпсіз тағам ұсыну – басты міндет екендігін жеткізді.
Халал сертификаты кәсіпорындарға тұтынушылар сенімін арттыруға, сонымен қатар нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.
«Халал Даму» мамандары тарапынан өндіріс орындарына алдағы уақытта да жүйелі түрде инспекциялық бақылаулар жүргізіліп, халал талаптарының сақталуы қадағаланады.


