Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
1 ай бұрын 641 halaldamu.kz
ШЫМКЕНТТЕГІ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорындар сертификатталды. Атап айтқанда, «Nanduk», «Ramazan Bey» дәмханалары және «Аманат ет» ет дүкені «QMDB Halal» сертификатына ие болды. «Халал Дамудың» жергілікті мамандары Қазбек Сарыбаев пен Аружан Аралбай аталған кәсіпорындарда бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, халал талаптарының толықтай орындалғанын анықтады.

Сертификаттау жұмыстары барысында «Халал Дамудың» мамандары өнімдердің құрамын, шикізаттың шығу көзін, сақтау жағдайларын және өндірістік процестерді мұқият тексерді. Бұл кәсіпорындардың халал стандарттарына толық сәйкестігі расталып, оларға тиісті сертификаттар табысталды.

ЖЕТІСУ: «БАЛШЕКЕР» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Жетісу облысындағы «Балшекер» қоғамдық тамақтану орны «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Облыстың бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы мен «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Мұхаммед Ордыбай жұма намазында кәсіпорын басшысына халал сертификатын табыстап, кәсіптеріне береке тіледі.

Сертификаттау барысында асхананың өндіріс процесі, шикізат базасы, санитарлық-гигиеналық жағдайы және қызметкерлердің халал стандарттары бойынша біліктілігі жан-жақты тексерілді. Барлық талаптарға сәйкестігі расталғаннан кейін «Балшекер» асханасына ресми түрде «QMDB Halal» сертификаты берілді. Шара барысында жергілікті имамдар мен «Халал Даму» өкілдері халал өндірісінің маңыздылығын атап өтіп, тұтынушыларға адал әрі сапалы өнім ұсынудың жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кәсіпорын басшылығы өз кезегінде халал талаптарын қатаң сақтауға дайын екенін айтып, сенім білдіргені үшін алғыс білдірді.

Сонымер қатар, жұма намазынан кейін «Балшекер» кәсіпорны жергілікті жамағатқа тегін ас үлестіріп, игі дәстүр жалғасын тапты. Бұл қайырымдылық шарасы кәсіпорынның халал қағидаттарына адалдығын көрсетіп қана қоймай, қоғамға қызмет етудің маңыздылығын дәріптеді.

АҚТӨБЕДЕГІ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Ақтөбе қаласындағы бірқатар кәсіпорындар сертификатталды. Атап айтқанда, «Лаваш Центр Актобе», «Afsona Family» мейрамханалары, «Манты от Жанат» жартылай фабрикаттары, «Сатыбалдиева Айнур» кәсіпорны, «Кіші Жүз Ет Орталығы» ет дүкендері сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Әли Амангелдиев кәсіпорын өкілдеріне халал сертификатын табыстап, мешітке жиналған жамағатты халал өнімдермен таныстырды.

Сондай-ақ, сертификаттау барысында кәсіпорындардың қызметі мен өнімдерінің шариғат талаптары мен техникалық стандарттарға сәйкестігі тексерілді. «Әрбір мекеменің өндіріс процесі, қолданылатын шикізаттары мен қосымша заттары мұқият сараптамадан өтті. Бұл шара халал өнімдердің сапасын арттыру және тұтынушылардың сенімін нығайту мақсатында жүзеге асырылды.

Аталған кәсіпорындардың барлығы енді «QMDB Halal» таңбасымен өз өнімдерін ұсына отырып, халал стандарттарына сай қызмет ететін болады.

«BAUYRDAQ» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қостанай қаласындағы «Bauyrdaq» қоғамдық тамақтану орны «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Аталған дәмхана қызметі мен өнімдері «Қоғамдық тамақтану қызметтері» стандартына сай деп танылып, «Халал Дамудың» жергілікті маманы Алишер Балахмет дәмхана өкіліне халал сертификатын табыстады. 

Технолог мамандар «Bauyrdaq» дәмханасында тиісті аудит шараларын жүргізіп, мекеме қызметкерлеріне халал стандарты талаптары мен ережелерін түсіндіріп, оқу-семинар өткізді.

«Bauyrdaq» дәмханасының мекен-жайы: Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 156.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
24 25 26 27 28 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6