Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
4 күн бұрын 254 halaldamu.kz
ҚАРАҒАНДЫ: «ADAL» ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды қаласындағы «Герасименко» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі «Аdal» ет дүкені «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды.  

Сертификаттау барысында «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Амангелді Асқаров дүкен аумағында аудит жүргізіп, өнім өндіру және сақтау процестерінің талаптарға сәйкестігін тексерді. Аудит нәтижелері оң бағаланып, дүкенге «QMDB Halal» стандарты бойынша ресми сертификат табысталды. «Аdal» ет дүкенінің иелері тұтынушыларға адал өнім ұсыну жауапкершілігін жоғары бағалайтынын және бұл сертификат сапа мен сенімділіктің белгісі екенін атап өтті.

«Adal» ет дүкенінің мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Қ.Аманжолов көшесі, 45. Берілген сертификат 03.12.2024-02.12.2025 жж мерзімі аралығында 1 жылға жарамды.

ҚАРАҒАНДЫ: «DEGIRMEN» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды қаласындағы «Degirmen» дәмханасы халал стандарты талаптарына сай сертификатталып, кәсіпорын өкіліне «QMDB Halal» сертификаты табысталды. 

«Аталған дәмханада аудиттік тексерістер жүргізіліп, өндіріс процестері, қолданыстағы азық-түлік құрамы және қызмет көрсету саласы мұқият тексерілді. Аудит барысында өнімдерді дайындау, сақтау және қызмет көрсету кезінде халал стандарттары мен шариғат талаптарының сақталуы қатаң бақылауға алынды. Кәсіпорынның ас дайындау барысында пайдаланатын ингредиенттері мен құрал-жабдықтарының тазалығы және олардың халал талаптарға сәйкестігі де қадағаланды. «Degirmen» дәмханасының қызметкерлеріне халал стандартын сақтау бойынша семинар өткізіліп, тиісті нұсқаулықтар берілді», – дейді жергілікті маманымыз.

«Degirmen» дәмханасына берілген «QMDB Halal» сертификаты 03.12.2024-02.12.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Бұхар Жырау даңғылы, 46.

ҚАРАҒАНДЫ: «ПАПАХА RESTO» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды қаласындағы «Папаха Resto» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Асқаров табыстады.

Сертификаттау барысында дәмхананың ас мәзірі мен өндіріс орны толық тексерістен өтіп, халал талаптарына сай екендігі расталды. Атап айтқанда, шикізат пен тағамдық қоспалары, өнімдерді сақтау, тасымалдау, өңдеу процестері, сондай-ақ қызмет көрсетуі мұқият тексерілді. Аудит жұмысының оң нәтижесінен кейін сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды.

«Папаха Resto» дәмханасына берілген «QMDB Halal» сертификаты 14.11.2024-13.11.2025 жж аралығында 1 жылға жарамды. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Қ.Аманжолов көшесі, 51.

АСТАНА: «MR. СЫРНИК» ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТТАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Астана қаласындағы «Пивнев» кәсіпорнына тиесілі «Mr. Сырник» жартылай фабрикаттары сертификатталды. «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы кәсіпорын басшылығына «QMDB Halal» сертификатын табыстап, кәсіптеріне береке тіледі. 

Айбек Асқарбекұлы өз сөзінде, халал сертификаттарының тек кәсіпорындарға ғана емес, тұтынушыларға да сенімділік беретінін атап өтті. Бұл сертификат кәсіпорынның халал өнімдер өндірісінде жоғары жауапкершілік пен сапа стандарттарына сәйкестігін көрсетеді.

«Mr. Сырник» кәсіпорнына берілген халал сертификаты 26.11.2024-25.11.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 33/2

«АЙСАРА ТӘТТІ ӘЛЕМІ» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Астана қаласындағы «Айсара тәтті әлемі» кондитерлік өнімдері «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. 

Сертификаттау барысында өнімдерді өндіру, сақтау, тасымалдау процестеріне, өндірістік жабдықтарға мұқият тексеріс жүргізілді. «Айсара тәтті әлемі» кондитерлік кәсіпорнына берілген «QMDB Halal» сертификаты өнімдердің адалдығын растап, тұтынушылардың сеніммен пайдалануына кепілдік береді.

Кәсіпорынға берілген «QMDB Halal» сертификаты 29.11.2024-28.11.2025 жж аралығында 1 жылға жарамды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа көшесі, 28.

АҚТӨБЕДЕГІ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Ақтөбе қаласындағы «Bir Doner» фаст-фуд дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталып, «Milky Land» сүт фабрикасы халал сертификатын жаңартты.

Жергілікті технолог Ақмаржан Ержанқызы аталған кәсіпорындарда аудит жұмыстарын жүргізіп, өндіріс процесінің халал және шариғат талаптарына сай екендігін анықтады. Аудит барысында өнімдерді өндіру, сақтау, тасымалдау процестеріне, өндірістік жабдықтардың тазалығына мұқият тексеріс жүргізілді. Сонымен қатар, өндірісте қолданылатын шикізаттар мен қосалқы өнімдердің құрамы толық зерттеліп, олардың халал талаптарына сәйкестігі расталды.

0 пікір
Мұрағат