Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
1 ай бұрын 500 halaldamu.kz
АЛМАТЫ ОБЛ.: «FOOD BALL FACTORY» КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы облысындағы «Food Ball factory» жартылай фабрикат өндіруші кәсіпорын «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы табыстады.

«Сертификаттау барысында аталған кәсіпорын аумағында тиісті бақылау-қадағалау шаралары орындалып, технолог мамандар бірнеше рет аудит жүргізді. Қолданыстағы өнімдер тиісті зертханалық сынақтан өткізіліп, кәсіпорын қызметкерлеріне оқу-семинар да ұйымдастырылды», – дейді жергілікті өкіліміз Жанәбіл Ахметбекұлы.

«Food Ball factory» кәсіпорнына берілген сертификат 07.11.2024-06.11.2025 жж мерзімі аралығында 1 жылға жарамды. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Мұқанов көшесі, 113.

АЛМАТЫ: КӘСІПОРЫНДАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ 

Алматы қаласындағы «The Doner на углях» фаст-фуд дәмханасы, «Shukr by Coffee original» қоғамдық тамақтану орны, «Assia food» кәсіпорындары «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Ерлан Тайлақов табыстады.

Сертификаттау рәсімінде Ерлан Тайлақов кәсіпорындардың халал стандартын сақтауы мен сапа талаптарына сай жұмыс істейтінін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, «QMDB Halal» сертификатының кәсіпорындар үшін маңызды қадам екенін жеткізіп, отандық халал индустриясын дамытуға қосқан үлестеріне алғысын білдірді.

Кәсіпорындар өз тарапынан бекітілген халал стандарты талаптарын сақтап, қатаң бақылау мен сапаны қамтамасыз ету бағытында жұмысты жалғастыратынын және тұтынушыларға ең жақсы қызмет көрсетуге ұмтылатынын айтты. Әрбір кәсіпорын үшін бұл сертификат – халал өнімдер нарығында өзіндік орын алу, тұтынушыларға адал қызмет көрсету және халық арасында сенімділікті қалыптастырудың маңызды белгісі екендігін жеткізді.

АҚТӨБЕДЕГІ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Ақтөбе облысындағы бірқатар кәсіпорындар сертификатталды. Атап айтқанда, «Айс плюс» және «Рамазан құс» кәсіпорындары сертификаттарын қайта жаңартса, «Tami» дәмханасының екі нүктесі «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты халалдың Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Амангелдіұлы табыстады.

«Айс плюс» және «Рамазан құс» кәсіпорындары халал өнімдер өндіруде өз мәртебесін сақтап, сертификаттарын қайта жаңартты. Бұл қадам олардың халал нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырып, тұтынушылардың сенімін нығайтады. Ал, «Tami» дәмханаларда тек халал өнімдер ұсынылатын болады, бұл тұтынушыларға жоғары сапалы, адал аспен тамақтану мүмкіндігін береді», – жергілікті өкіліміз.

Айта кетейік, аталған кәсіпорындарда аудит жұмыстары жүргізіліп, бекітілген халал стандарты талаптарының толықтай орындалатыны анықталды.

АҚТӨБЕ ОБЛ.: «МАКИ-МАКИ» ФАСТ-ФУД ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

«Маки-маки» фаст-фуд дәмханасының Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласындағы желісі «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты Мұғалжар ауданының бас имамы Шадман Мұхаммедисмаил Мұхаммедибраһимұлы жұмада табыстады.

«Бұл шара Мұғалжар ауданының тұрғындары үшін қуанышты оқиға, өйткені, халал нарығында сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды. «QMDB Halal» сертификаты дәмханадағы барлық шикізаттар мен ингредиенттердің шариғат талаптарына сәйкес екенін растайды», – деген Шадман Мұхаммедисмаил Мұхаммедибраһимұлы өз сөзінде халал өнімдердің артықшылықтарын атап өтіп, мұндай сертификаттың кәсіпкерлер үшін де, тұтынушылар үшін де үлкен маңызы зор екенін жеткізді.

ЖЕТІСУДАҒЫ 3 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, бірқатар кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификатын табыстады. Атап айтқанда, «Sunfood» кондитерлік өнімдері, «Kastom Food» тамақтану орны, «Issmile» фаст-фуд өнімдері сертификатталды.

Жиын барысында, жергілікті кәсіпкерлерге халал стандарттарын сақтау мен кәсіпорындарын дамыту бағытында кеңес беріліп, «QMDB Halal» сертификатының маңызы аталып өтілді.

Айта кету керек, «QMDB Halal» сертификатының берілуі тек кәсіпорындардың діни талаптарға сәйкестігін ғана емес, сонымен қатар, олардың өндірістік процестерінің жоғары сапасын, гигиеналық-санитарлық тазалығын қамтамасыз етеді.

ЖЕТІСУ: «QONAQ KADE» КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Жетісу облысына іс-сапары барысында «Qonaq kade» кәсіпорнына «QMDB Halal» сертификатын табыстады. Аталған кәсіпорын кептірілген жемістерді даярлаумен айналысады.

Сертификаттау рәсімі барысында Айбек Асқарбекұлы кәсіпорын өнімдерінің халал стандарты талаптарына толықтай сәйкес келетінін атап өтіп, халал стандартына сай жұмыс істеу кәсіпорын үшін маңызды қадам екендігін және халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Qonaq kade» кәсіпорнының өкілдері бұл сертификаттың сапа мен сенімділік деңгейін арттыруға, сондай-ақ тұтынушылардың сенімін қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізді. Олар осы сертификат арқылы тұтынушыларды сапалы әрі сенімді өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейтіндерін мәлімдеді.

«Qonaq kade» кәсіпорнына берілген «QMDB Halal» сертификаты 06.11.2024-05.11.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Аблайхан көшесі, 239 а.

ЖЕТІСУ ОБЛ.: «PARTY FOOD» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы «Party Food» қоғамдық тамақтану орны «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы мен халалдың жергілікті өкілі Мұхаммед Ордыбай табыстады.

Сертификаттау рәсімі барысында өкіліміз «Party Food» жартылай фабрикаттарының халал стандарты талаптарына толықтай сәйкестігін, өндіріс орнының жоғары сапа мен қауіпсіздік талаптарына жауап беретінін айтты.

«Party Food» дәмханасына берілген «QMDB Halal» сертификаты 17.09.2024-16.09.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев көшесі, 99.

0 пікір
Мұрағат