Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
1 ай бұрын 574 halaldamu.kz
АСТАНА: «СӘНДІ MACARONS» ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «Сәнді Macarons» кәсіпорны өкілдеріне «QMDB Halal» сертификатын табыстады. Аталған кәсіпорын – заманауи кондитерлік «макаронс» өнімдерімен қатар түрлі кондитерлік өнім түрлерін дайындайды. 

«Адалдықтың анық белгісі – «QMDB Halal» сертификаты сенім мен тазалықтың символы іспеттес. Күллі мұсылманның сенімі артылған халал сертификаттарыңыз құтты да, берекелі болсын!», – деген Айбек Асқарбекұлы кәсіпорын өкілдеріне алғыс білдіріп, алдағы уақытта тұрақты аудит шаралары орындалып тұратынын жеткізді.

«Сәнді Macarons» өнімдеріне берілген «QMDB Halal» сертификаты 22.09.2024-21.09.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Ұлы-Дала даңғылы, 45/1.

ҚАРАҒАНДЫ: «№ 571 COFFEE AND KITCHEN» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды қаласындағы «№ 571 coffee and kitchen» дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Асқаров табыстады.

«Сертификаттау барысында толыққанды аудит жүргізіліп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспалар лабораториялық зертханаға жіберілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді барлық процесс тексерілді. Аудиттің оң нәтижесінен кейін сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді жергілікті өкіл.

АҚТӨБЕДЕГІ КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Ақтөбе қаласындағы «Hamza halal et onimderi» ет дүкені мен «Азия ингредиент» тағамдық қоспалары сертификатталды.

«Аталған кәсіпорындар аумағында мамандар тарапынан тиісті аудит шаралары жүргізіліп, тексерістің оң қорытындысынан кейін ғана сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды. Алдағы уақытта сертификатталған кәсіпорындарда аудит шаралары міндетті түрде орындалып тұрады», – дейді жергілікті маман.

АЛМАТЫ: 5 КӘСІПОРЫНҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ 

«Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Ерлан Тайлақов «Spanish Coffee», «Master Coffee», «Қызылмай», «Мак desserts» кәсіпорындарына «QMDB Halal» сертификатын табыстады. 

«Аталған кәсіпорындардың өндірісі мен қызметі бірнеше ай бойы бақылаудан өткізілді. Күмәнді деген шикізаттары мен қоспалары қолданыстан алынып, кем-кетік тұстары стандартқа сәйкестендірілді. Өнімнің сапасы мен халалдығын қатар алу жүру үшін кәсіпорын қызметкерлеріне түсіндіру, ақпараттандыру шарлары жүргізілді. Екі жақтың бірлескен шараларының оң нәтижесінен кейін ғана сертификат табысталды», – деп хабарлайды жергілікті өкіліміз.

«КУЛИКОВСКИЙ» КОНДИТЕРЛІК ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырамасы бойынша «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Қырғызстан Республикасына арнайы іс-сапармен барып, «Куликовский» кондитерлік және сүт өнімдері кәсіпорнына «QMDB Halal» сертификатын табыстады. Сертификаттау процессіне Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал» бөлімінің басшысы Бахтияр Тоқтағазыұлы, технолог Мейіржан Бауыржанұлы да қатысты.

«Куликовский» кондитерлік кәсіпорны — халықаралық нарықта кеңінен танымал, Қырғызстандағы кондитерлік өнімдер шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорынның өнім ассортименті әртүрлі тәттілерді, оның ішінде торттар, печеньелер, шоколадтар және басқа да десерттерді қамтиды. Кәсіпорынның ерекшелігі — табиғи ингредиенттерді пайдалану мен сапалы өнім өндіру. Кәсіпорында 6 ай бойы аудит жүргізіліп, тағамдық қоспалары, өндіріс процессі, құжаттамасы, дайын өнімдерді сақтау және тасымалдау шарттары түгелдей тексерілді», – дейді Айбек Асқарбекұлы.

«Куликовский» кондитерлік және сүт өнімдеріне берілген «QMDB Halal» сертификаты 03.10.2024-02.10.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы:Қырғызстан Республикасы, Аладамун ауданы, Алма-Ата көшесі, 2.

0 пікір
Мұрағат