Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
3 ай бұрын 803 halaldamu.kz
АСТАНА: «SARQYT TATTILERI» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Астана қаласындағы «Sarqyt tattileri» кондитерлік өнімдері халал стандартына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Кондитерлік өнімдер асқан ыждағаттылық пен мұқият тексерісті қажет етеді. Мамандармен бірлескен жұмыс оң нәтижесін көрсетіп, сертификат беру жөнінде шешім қабылданды. Аудит барысында тағамдық қоспалары, шикізаттары толықтай тексеріліп, кәсіпорын қызметкерлеріне семинар өткізілді», – деп хабарлайды жауапты маманымыз.

«Sarqyt tattileri» өнімдеріне берілген «QMDB Halal» сертификаты 25.09.2024-24.09.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Таскесен көшесі, 17 Б

АСТАНА: «СӘНДІ MACARONS» ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «Сәнді Macarons» кәсіпорны өкілдеріне «QMDB Halal» сертификатын табыстады. Аталған кәсіпорын – заманауи кондитерлік «макаронс» өнімдерімен қатар түрлі кондитерлік өнім түрлерін дайындайды. 

«Адалдықтың анық белгісі – «QMDB Halal» сертификаты сенім мен тазалықтың символы іспеттес. Күллі мұсылманның сенімі артылған халал сертификаттарыңыз құтты да, берекелі болсын!», – деген Айбек Асқарбекұлы кәсіпорын өкілдеріне алғыс білдіріп, алдағы уақытта тұрақты аудит шаралары орындалып тұратынын жеткізді.

«Сәнді Macarons» өнімдеріне берілген «QMDB Halal» сертификаты 22.09.2024-21.09.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Ұлы-Дала даңғылы, 45/1.

0 пікір
Мұрағат