Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
5 күн бұрын 320 halaldamu.kz
ШЫМКЕНТ: «АЙЖАМАЛ ТӘТТІЛЕРІ» СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Шымкент қаласындағы ең ірі кондитерлік желілердің бірі «Айжамал тәттілері» өнімдері «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификаттаы «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Сарыбев Қазбек табыстады.

«Кондитерлік өнімдер асқан ыждағаттылық пен мұқият тексерісті қажет етеді. Мамандармен бірлескен жұмыс оң нәтижесін көрсетіп, сертификат беру жөнінде шешім қабылданды. Аудит барысында тағамдық қоспалары, шикізаттары толықтай тексеріліп, кәсіпорын қызметкерлеріне семинар өткізілді», – деп хабарлайды жауапты маманымыз.

«Айжамал тәттілері» кондитерлік өнімдеріне берілген «QMDB Halal» сертификаты 26.08.2024-25.08.2025 жж аралығында жарамды.

Мекен-жайлары:

1. Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 19/3

2. Шымкент қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, 49/1

3. Шымкент қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, 28

4. Шымкент қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 49

5. Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі, 60/1

6. Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, 214Б

7. Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 40/3

8. Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, 116

9. Шымкент қаласы, квартал 255, 373

ТҮРКІСТАН ОБЛ.: КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

«Халал Даму» мамандары Түркістандағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізді. Аудит барысында «Daily food» фаст-фуд және мұздатылған жартылай фабрикаттары, «Кувшин» дәмханасы тексерілді. 

«Аудит аясында халал кәсіпорындар өндірісінің барлық процессі сүзгіден өткізілді. Бұның барлығы халал өнімді тұтынушылардың адалдық таңбасына сенімділігі үшін жүргізілуде. Сондықтан кәсіпорындардағы шикізат пен тағамдық қоспалардың халалдығы, өнідірістің бекітілген стандартқа сәйкестігі, санитарлық-тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Аудиттің оң қорытындысынан кейін «Daily food», «Кувшин» кәсіпорындарына «QMDB Halal» сертификаты табысталды», – деп хабарлайды маманымыз.

0 пікір
Мұрағат