Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
1 ай бұрын 443 halaldamu.kz
АЛМАТЫДА 7 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Бүгін, Алматы қаласындағы 7 кәсіпорынға «QMDB Halal» сертификаты табысталды. Сертификатты «Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Ерлан Тайлақов табыстады.

 Атап айтқанда, «Erdyar» және «Best meat» жартылай фабрикаттары, «Jain Labo» бет күтіміне арналған косметика өнімдері, «Fitness Food» спорттық тағамдар, «Talhiz» ет дүкені, «Прайм агро сервис» шұжық цехы, «Omir kilti» емдік-профилактикалық өнімдері халал стандарты талаптарына сай деп танылды.

«Жергілікті мамандар мен технологтар аталған кәсіпорындарда тиісті аудит шараларын жүргізіп, кәсіпорын қызметкерлеріне халал турасында оқу-семинар өткізді. Бақылау-қадағалау шараларының оң нәтижесінен кейін сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – деп хабарлайды өкіліміз.

«БАТЫС ФУД» ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Ақтөбе қаласындағы «Батыс фуд» сауда белгісімен шығарылатын жартылай фабрикаттар «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Жұма намазға жиналған жамағат алдында облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы кәсіпорын өкіліне халал сертификатын табыстады.

Кәсіпорынның өндіріс аумағында «Халал Дамудың» мамандары бірнеше мәрте бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, тағамдық қоспаларына зертханалық сынама орындалды. Сертификаттау шараларының оң нәтижесіненк кейін, «Батыс фуд» өнімдері «Халал өнімдерді өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды.

«Батыс фуд» жартылай фабрикаттарына берілген «QMDB Halal» сертификаты 31.07.2024-30.07.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Арынов көшесі, 1/10.

0 пікір
Мұрағат