Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
5 ай бұрын 572 halaldamu.kz
«БАУЫРЛАР» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының Алматы өңіріне іс-сапары барысында «Бауырлар» шаруа қожалығы мен «Ерназар» жеке кәсіпкерлігіне қарасты «Berekeli et» ет дүкенінде аудит жұмыстары жүргізіліп, «QMDB Halal» сертификаты табысталды.

«Қазақ халқы қашан да астың адалдығына мән берген халық. Малдың бапталуынан, еттің дастарханға ұсынылуына дейін халал болуы маңызды. Алматы халқына адал ет ұсынып, ел игілігіне қызмет етіп жүрген сіздерге Алла разы болғай!», – деген А.Асқарбекұлы кәсіпорын өкілдеріне алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

«Berekeli et» ет дүкенінің мекен-жайы:

1) Алматы қаласы, Төлеби көшесі, 150Б;

2) Алматы қаласы, 10а шағын аудан, 22;

3) Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 165а.


«АЙМАР ҚҰС» ЖҰМЫРТҚАЛАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Шымкент қаласындағы «Аймар құс» жұмыртқа өнімдері «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Сарыбаев Қазыбек табыстады. Сертификаттау шараларының оң нәтижесінен кейін аталған жұмыртқа өнімдері «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау» стандарты талаптарына сай деп танылды.

«Құс фабрикасында жүргізілген аудит барысында құстардың жем-азығынан бастап, дайын өнімді өңдеу, сақтау, тасымалдау процесстері толықтай тексеріліп, кәсіпорын қызметкерлеріне халал жөнінде оқу-семинар өткізілді», – деп хабарлайды өкіліміз.

«Аймар құс» кәсіпорнының мекен-жайы: Шымкент қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы, Базарқақпа 7/2.

«ЭМИЛЬ» КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Еліміздегі ең ірі сүт өнімдерін өндіруші «Эмиль» кәсіпорны «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Отандық ірі кәсіпорынның халал стандарты бойынша сертификаттаудан өткеніне қуаныштымыз. Бұл – халық игілігі, халалдың тұтынушылары үшін атқарылған игі іс. Бүгін, бірнеше айға созылған сертификаттау шаралары өз мәресіне жетіп, сертификат табыстап отырмыз. Алла кәсіптеріңізге береке берсін! «Эмильдің» халыққа берер халал өнімі таусылмасын!», – деген Айбек Асқарбекұлы кәсіпорын басшылығына ризашылығын білдірді.

«Эмиль» 1993 жылы құрылған сүт өнімдерін өңдеу және өндірумен айналысатын 30 жылдық тарихы бар ірі кәсіпорын. Сүт, қаймақ, айран, ірімшік, май секілді 120-дан астам өнім түрлері сертификатталды. Кәсіпорын көлемі ауқымды және өнім түрлері мол болғандықтан сертификаттау жұмыстары бірнеше айға созылды. Мамандар тарапынан бірнеше мәрте аудит жұмыстары орындалып, қажетті өнімдері лабораториялық сынамадан өткізілді. Барлық атқарылған шаралар оң нәтиже көрсетті», – деп хабарлайды жауапты технолог Мейіржан Бауыржанұлы.

«Эмиль» кәсіпорнына берілген «QMDB Halal» сертификаты 23.05.2024-22.05.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 5. 

ПАВЛОДАР: «КРЕНДЕЛЬ» КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Павлодар облысындағы ірі кондитерлік өндіріс орындарының бірі – «Крендель» кәсіпорны сертификатталды. Сертификатты облыстың өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы табыстап, «Крендель» кәсіпорнының басшысы Мәдина Тоғжанқызына алғысын білдірді.

«Крендель» кәсіпорны – кондитерлік өнімдер, жартылай фабрикаттар, нанның түрлі түрлерін дайындайды. Қазіргі таңда өңірдегі жылдам қарқынмен дамып келе жатқан кәсіпорындардың бірі. Сертификаттау барысында өндіріс аумағында аудит жұмыстары жүргізіліп, санитарлық тазалығы, өндірістік құрал-жабдықтардың стандартқа сәйкестігі тексерілді. Сонымен қатар, қызметкерлерге халал жөнінде оқу-семинар өткізілді», – деп хабарлайды маманымыз.

«Крендель» кәсіпорнына берілген «QMDB Halal» сертификаты 29.05.24-28.05.25 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Павлодар қаласы, Абай көшесі, 115.

0 пікір
Мұрағат