Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
8 ай бұрын 786 halaldamu.kz
«FRESH HOUSE» СҮТ ӨНДІРІСІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы облысындағы «Fresh House» сүт өндірісі кәсіпорны сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков сертификаттау жұмыстарының оң қорытындысынан кейін, кәсіпорын өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Fresh House» сүт зауыты жергілікті қала тұрғындарын ғана емес, жақын маңайдағы ауыл-аймақтарды да сүт өнімдерімен қамтып отыр. Өзге сүт зауыттарынан дайын өнімдерінің сапасымен ерекешеленеді. Сертификаттау барысында өндіріс орны тексеріліп, шикізаттары зертханада сынақтан өткізілді. Санитарлық тазалығы да қадағаланып, зауыт қызметкерлеріне халал стандарты талаптары жөнінде семинар өткізілді», – деп хабарлайды өкіліміз.

«Fresh House» сүт зауытына берілген «QMDB Halal» сертификаты 27.03.2024-26.03.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Қарасай ауданы, Іргелі ауылы, «КазМИС» ШҚҚ, 2940

«ES MARYA» СҮТ ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Түркістан облысы, Кентау қаласындағы алғашқы сүт өндірісі кәсіпорны сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Таңат Болатұлы сертификаттау жұмыстарының оң қорытындысынан кейін, кәсіпорын өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Es Marya» сүт зауыты жергілікті қала тұрғындарын ғана емес, жақын маңайдағы ауыл-аймақтарды да сүт өнімдерімен қамтып отыр. Өзге сүт зауыттарынан дайын өнімдерінің сапасымен ерекешеленеді. Сертификаттау барысында өндіріс орны тексеріліп, шикізаттары зертханада сынақтан өткізілді. Санитарлық тазалығы да қадағаланып, зауыт қызметкерлеріне халал стандарты талаптары жөнінде семинар өткізілді», – деп хабарлайды өкіліміз.

«ES-Marya» сүт зауытына берілген «QMDB Halal» сертификаты 20.02.2024-19.02.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Түркістан облысы, Кентау қаласы, Бейбітшілік көшесі, 1.

«KARAK HOME» ШӘЙХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды қаласындағы «Karak Home» шәйханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Амангелді Асқаров табыстады.

«Карак шәй дегеніміз – кардамон қосылған, қайталанбас дәмі мен иісі бар, адам денсаулығына өте пайдалы, араб жерінде өсетін түрлі шәйлардың қоспасы. Мұндай бағыттағы шәйхана Қарағанды қаласында алғаш рет ашылды. Сондықтан да, «Karak Home» шәйханасын сертификаттау барысында бірқатар шаралар атқарылып, өндіріс барысы, қолданыстағы шикізаттары түгелдей тексерілді. Бірнеше этапты тексерістің оң қорытындысынан кейін сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді өкіліміз.

«Karak Home» шәйханасының мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Дүйсембеков көшесі, 53/8.

«DEZ» ҰНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Еліміздің астықты аймағы солтүстік өңірде шығарылатын «DEZ» бидай ұны «QMDB Halal» сертификатын жаңартты. Сертификатты облыстың жауапты өкілі Мақсат Аманжолов табыстады.

«Ұн өндірісі –ауыл шаруашылығының негізгі саласы, себебі ұн күнделікті өмірде маңызды орын алатын базалық азық-түліктердің бірі. Тағам технологиясының дамыған кезеңінде қарапайым ұнның өзіне небір қоспалар қосылып, алғашқы табиғи құрамы өзгеріске ұшырап, табиғи құндылығын жоғалтып жатады. Осы орайда, пайдасын сақтай отырып, зияннан қайтару мақсатында жергілікті ауылшаруашылық өнімдерін халал стандарты бойынша сертификаттау қолға алынды. «Халал Даму» мамандарымен бірлескен жұмыс нәтижесінде «Dez» ұны «Халал өнімдерді өндіру, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды. Ұнның құрамы кәсіби мамандар тарапынан толығымен тексерілді», — дейді өкіліміз.

ТАЛДЫҚОРҒАН: «SIRNE.KZ» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Талдықорған қаласында орналасқан «Sirne.kz» дәмханасы «QMDB Halal» стандартына сай сертификатталды. Жұма намазына жиналған жамағат алдында дәмхана өкілі мен қасапшыларға халал сертификаты табысталды. Аталған дәмхана «Тамақтандыру қызметтері» стандартына сай деп танылды.

«Халық сұранысына ие кәсіпорындардың халал сертификатын алуы – біз үшін өте маңызды. Себебі, біздің басты мақсатымыз – халық қажеттілігін қамтамассыз ету. Осы бағыттарыңыздан таймай, елге адал ас ұсынып, шариғат және халал стандартына сай қызмет етесіздер деп сенемін. Алла кәсіптеріңізге береке беріп, табыстарыңызды адалынан қылғай!», – деді өкіліміз. Өз кезегінде, дәмхана өкілі «Халал Даму» ұжымы мамандарының қызметін жоғары бағалап, ризашылығын білдірді.

«Sirne.kz» дәмханасының мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Балпық би көшесі, 61.

ҚАРАҒАНДЫ: «LOKANTA» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды қаласындағы «Lokanta» отбасылық дәмханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Амангелді Асқаров табыстады.

«Өңірімізде сұраныс пен талаптың артуына байланыста халал дәмханалар саны артуда. Бүгін, бұл тізімді «Lokanta» дәмханасы толықтырды. Аталған дәмханада бірнеше мәрте аудит шаралары орындалып, өнімдері мен шикізаттары, санитарлық тазалығы толықтай тексерілді. Сонымен қатар, дәмхана қызметкерлеріне халал жөнінде оқу-семинар өткізіліп, атқарылған шаралардың оң нәтижесінен кейін «QMDB Halal» сертификаты табысталды», – дейді маманымыз.

«Lokanta» дәмханасына берілген «QMDB Halal» сертификаты 27.03.2024-26.03.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Н. Әбдіров көшесі, 36/3.

ТҮРКІСТАН ОБЛ.: ҚАСАПХАНА МЕН ҚАСАПШЫЛАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Түркістан облысындағы ірі кәсіпорындардың бірі – «Қайып ата» қасапханасы «QMDB Halal» сертификатын жаңартты. Сонымен қатар, өңірдегі бірнеше қасапшыларға «Қасапшылық куәлігі» берілді. Сертификатты Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы мен жергілікті жауапты маман Алимхан Тұрлыбеков табыстады.

Жергілікті маманымыз қасапханада бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, қасапшыларға шариғат және халал стандарты талаптарына сай мал сою және ет өңдеудің ерекшеліктері мен маңызын түсіндіріп, алдағы уақытта міндетті айлық тексеріс жұмыстары жүргізіліп тұратынын жеткізді. Және жергілікті тұтынушылардың адал да таза ет тұтынуы үшін аянбай қызмет ететін қасапшылар еңбегіне алғысын білдірді.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ: 4 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы қаласындағы «Заказ плова» тамақ жеткізу қызметі, «Chambar» соус өндірісі, «Alba Foods» шұжық өнімдері, «Altyn Dam» жартылай фабрикаттары «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты жергілікті өкіл Ерлан Құлмырзаұлы табыстады.

«Адалдықтың анық белгісі – «QMDB Halal» сертификаты сенім мен тазалықтың символы іспеттес. Күллі мұсылманның сенімі артылған халал сертификаттарыңыз құтты да, берекелі болсын! Кәсіптеріңіз өрлеп, істеріңіз дами бергей! Алдағы уақытта тұрақты аудит жұмыстарын орындап, бірлескен жұмыстарымызды жалғастырамыз деп сенемін!», – деді өкіліміз.

ЖАМБЫЛ ОБЛ.: 4 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Жамбыл облысындағы бірқатар кәсіпорындар «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталып, кейбіреуі сертификаттарын жаңартты. Атап айтқанда, «Bys Street Food» дәмханасы, «Qurmet» дәмханасы, «Ата дөнер» фаст-фуд өнімдері, «Qassap» ет дүкені.

Жергілікті технолог, инспектор-контролер маманымыз Аблайхан Карипбаев: «Аталған кәсіпорындардың өндірісі мен қызметі бірнеше ай бойы бақылаудан өткізілді. Күмәнді шикізаттары мен қоспалары қолданыстан алынып, кем-кетік тұстары стандартқа сәйкестендірілді. Өнімнің сапасы мен халалдығын қатар алу жүру үшін кәсіпорын қызметкерлеріне түсіндіру, ақпараттандыру шарлары жүргізілді. Екі жақтың бірлескен шараларының оң нәтижесінен кейін ғана сертификат берілді», – деп хабарлайды.

0 пікір
Мұрағат