Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
11 ай бұрын 827 halaldamu.kz
АСТАНА: “SHYPIE” КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Елордадағы «Shypie» кондитерлік цехы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» бас сарапшы технологы Айжан Қалмаханқызы табыстады.

Сертификттау барысында аталған кондитерлік цех аумағында толыққанды аудит жұмыстары жүргізілді. Шикізаттары мен тағамдық қоспалары зертханалық сараптама өткізіліп, оң нәтиже көрсетті. Тиісті шаралардың оң қорытындысынан кейін, «Shypie» кондитерлік өнімдеріне «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді жауапты маманымыз.

«Shypie» кондитерлік өнімдеріне берілген халал сертификаты: 16.01.2024-05.01.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: стана қаласы, Ф.Оңғарсынова көшесі, НП-10.

АЛМАТЫ ОБЛ.: «ЯКАР» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Еліміздегі ең ірі кондитерлік кәсіпорындардың бірі «Якар» – «QMDB HALAL» стандартына сай сертификатталды. 

Алматы облысының жауапты өкілі Жанәбіл Жұмабеков пен технолог Әселхан Сыдық кондитерлік цех аумағында аудит жұмыстарын жүргізіп, өнімдердің халал талаптарына толықтай сай екендігін анықтады. Сонымен қатар, қажетті деп танылған өнімдері мен қоспалары зертханалық сынамадан өткізіліп, қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Және де кәсіпорын қызметкерлеріне халал турасында оқу-семинар өткізіліп, шариғаттағы халалдың маңызы мен стандарт талаптары түсіндірілді.

Мамандар тарапыннан жүргізілген жұмыс қорытындысынан кейін, «Якар» өнімдері «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды. Кәсіпорынға берілген халал сертификатының жарамдылық мерзімі: 04.01.2024-03.01.2025жж аралығында бір жылға жарамды. Мекен-жайы: Алматы облысы, Алматы облысы, Қаскелең қаласы, АКХ Ленинский ш/қ., ғимарат, 267/1.

ҰЛЫТАУ ОБЛ.: «SAFI» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында орналасқан «Safi» кондитерлік өнімдері «QMDB Halal» стандартына сай сертификатталды. Сертификатты облыстың жауапты өкілі Дархан Даярбекұлы табыстады.

«Сертификат табыстамас бұрын, кондитерлік цех аумағында бірнеше мәрте аудит жұмыстары жүргізілді. Шикізат көздерінен бастап, кондитерлік қоспаларына дейін толықтай тексеріліп, қажетті өнімдер зертханаға жіберілді. Кәсіпорын қызметкерлеріне халал турасында оқу-семинар өткізіліп, халал стандарты талаптары толықтай түсіндірілді», – дейді өкіліміз.

«Safi» кондитерлік өнімдеріне берілген сертификат 23.01.2024-22.01.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Жезқазған қаласы, С.Сейфуллин көшесі 39/4.

«PAMPUSHKA» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Астана қаласындағы «Pampushka» кондитерлік өнімдеріне «QMDB Halal» сертификаты табысталды. Аталған кәсіпорынның 69 түрлі өнімі «Халал өнімдерді өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қолдануға» арналған халал стандарты талаптарына сай сертификатталды.

«Бірлескен жұмыстардың оң нәтижесінен кейін, өнімдеріңіздің адалдығын растайтын маңызды құжатқа ие болып отырсыздар. Алдағы уақытта да «адалдық» таңбасына қиянатсыз қызмет етесіздер деп сенемін. Алла кәсіптеріңізге берекесін беріп, тұтынушыларыңыз мол болғай!», – деген Айбек Асқарбекұлы халал сертификатын табыстап, кәсіпорын өкіліне сәттілік тіледі.

«Pampushka» кондитерлік өнімдеріне берілген «QMDB Halal» сертификаты 23.01.2024-22.01.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Астана қаласы, С.Разина көшесі, 18Б.

АСТАНА : «KARAMELO» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Астана қаласындағы «Karamelo» кондитерлік өнімдері халал стандартына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Кондитерлік өнімдер асқан ыждағаттылық пен мұқият тексерісті қажет етеді. Мамандармен бірлескен жұмыс оң нәтижесін көрсетіп, сертификат беру жөнінде шешім қабылданды. Аудит барысында тағамдық қоспалары, шикізаттары толықтай тексеріліп, кәсіпорын қызметкерлеріне семинар өткізілді», – деп хабарлайды жауапты маманымыз.

«Karamelo» кондитерлік өнімдеріне берілген халал сертификаты 23.01.2024-22.01.2025 мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Е-899 көшесі, 1/1.

БҚО: «ALL OF BURGER» СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Батыс Қазақстан облысындағы «ALL OF BURGER» тамақтану орны сертификатталды. Жұма намазға жиналған жамағат алдында облыстың бас имамы Самат Қанатқалиұлы мен жергілікті өкіл Асхат Асылбеков «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Халықтың талабы мен сұранысының нәтижесінде өңірімізде халал кәсіпорындар саны артып келеді. Бүгін міне, халал дәмханалар тізімі «ALL OF BURGER» тамақтану орнымен толығуда. Сан мен сапаны қатар ұстайтын біздің мамандар алдағы уақытта да өз жұмыстарын жоғары деңгейде атқара бермек. Ал, «ALL OF BURGER» кәсіпорнын адалдық таңбасына бізбен бірге адал қызмет етуге шақырамыз. Алла, дайындаған әрбір тағамдарыңыз бен ұсынған астарыңызға берекесін беріп, халықтың ықыласы мен батасына бөленген кәсіпкерлерден қылғай», – деген бас имам, аталған кәсіпорын өкіліне ризашылығын білдірді.

«ALL OF BURGER» тамақтану орнына берілген «QMDB Halal» сертификаты 26.01.2024-2.01.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Орал қаласы, Абай даңғылы, 59/1

АЛМАТЫ ОБЛ.: «NYGMET QUS» ФАБРИКАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы облысындағы «Nygmet qus» фабрикасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Жергілікті өкіл Жұмабеков Жанәбіл құс фабрикасы аумағында аудит шараларын жүргізіп, толықтай тексерістен өткізді.

Құс фабрикасын сертификаттау барысында, құстың жем-азығынан бастап, шариғатқа сай бауыздалуы, дайын өнімнің өңделуі сақталуы, тасымалдануы, сатылуы қадағаланды. Мамандар тарапынан жүргізілген аудит жұмысының оң нәтижесінен кейін, сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды.

«Nygmet qus» фабрикасына берілген сертификат: 24.01.2024-23.01.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, 355/1 жер тілімі.

ШЫМКЕНТ: БІРҚАТАР КӘСІПОРЫНДАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Шымкентте ұйымдастырылған аймақтық семинар аясында бірқатар кәсіпорындар халал стандартына сай сертификатталды. Атап айтқанда, «Classic meat», «Бесбармақ» ет дүкендері, «Халал қассап» қасапханасы, «Сайрам нан» кондитерлік цехы.

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен облыстың бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы кәсіпкерлерге халал сертификатын табыстап, қызметтеріне береке, кәсіптеріне табыс тіледі.

«Халал сертификаты – күллі мұсылманның сенімін арқалаған құжат. Біздің мақсатымыз – ел экономикасының барлық секторын халал стандартына сәйкестендіре отырып, «QMDB Halal» – таңбасын әлемдік брендке айналдыру. Осы орайда, еліміздегі үлкенді-кішілі әрбір кәсіпорындардың халал талаптарына сай болуы біз үшін өте маңызды. Сіздер халал сертификатын алу арқылы – адалдықтың таңбасына бар ынта-жігерлеріңізбен қызмет етесіздер деп сенемін», – деген А.Асқарбекұлы кәсіпорындарға ризашылығын білдірді.

 

 

0 пікір
Мұрағат