Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
|
ҚАРАҒАНДЫ: «HALAL SLICE» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қарағанды қаласындағы халал кәсіпорындар саны тағы бір дәмханамен толықты. Атап айтқанда, «Halal Slice» дәмханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Амангелді Асқаров дәмхана өкіліне халал сертификатын табыстап, кәсіптеріне береке тіледі.
«Дәмханаға сертификат табыстар алдын бірнеше мәрте аудит шаралары орындалып, қолданыстағы шикізат пен өзге де қосымша өнімдері халал түрлерімен алмастырылды. Технологтармен бірлескен жұмыстың оң нәтижесінен кейін, сертификат беру жөнінде шешім қабылданды. Дәмханада алдағы уақытта айлық тексеріс жүргізіліп тұрады», – деп хабарлайды маманымыз.
«Halal Slice» дәмханасына берілген сертификат 07.12.2023-06.12.2024 жж мерзімі аралығында жарамды. Дәмхананың мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Шахтеров көшесі, 1/5
ҚАРАҒАНДЫ: «BERK FOOD» КӘСІПОРНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қарағанды қаласындағы «Berk Food» сауда белгісімен шығарылатын жартылай фабрикаттар өндіруші кәсіпорын өкіліне жергілікті маманымыз Амангелді Асқаров «QMDB Halal» сертификатын табыстады.
«Сертификаттау барысында «Berk Food» кәсіпорнының өндіріс барысында қолданатын тағамдық қоспалары мен шикізат өнімдері зертханаға жіберіліп, рұқсат етілмеген қоспалардың жоқтығы анықталды. Халал стандарты бойынша сәйкестендіру жұмысы толықтай аяқталғаннан кейін, кәсіпорынға сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – деп хабарлайды жауапты өкіліміз.
«Berk Food» өнімдеріне берілген сертификат: 19.12.2023-18.12.2024 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Сарань тас жолы, құрылыс 5.
БҚО: «АДАЛ ЕТ» ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласындағы «Адал ет» ет дүкені «QMDB HALAL» сертификатына ие болды.
«Қазақ халқы қашан да астың адалдығына мән берген халық. Соның ішінде, еттің таза әрі халал болуы – тұтынушылар үшін аса маңызды. Қала тұрғындарына адал ет ұсынып, ел игілігіне қызмет етіп жүрген сіздерге Алла разы болғай!», – деген Бөрілі аудандық мешітінің бас имамы ет дүкені өкіліне алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.
«Адал ет» ет дүкеніне берілген сертификат 05.01.2024-04.01.2025 жж мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: БҚО, Ақсай қаласы, 5 мкрн., 6 үй.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ДӘМХАНАЛАР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Шымкент қаласындағы «Pecorino» және «Золотой Топчан» дәмханалары халал стандартына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Қазбек Сарыбаев дәмхана өкілдеріне сертификат табыстап, кәсіптеріне береке тіледі.
Дәмханаларға берілген сертификат:
«Pecorino» 14.12.2023 - 13.12.2024
«Золотой Топчан» 07.12.2023-06.12.2024 осы мерзімдер аралығында бір жылға жарамды.
Дәмханалардың мекен-жайы:
«Pecorino» дәмханасы: Шымкент қаласы, Ж.Шаймерденов, 13/2;
«Золотой Топчан» дәмханасы: Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 6/3.