Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
3 ай бұрын 349 halaldamu.kz
ҚАРАҒАНДЫ: «ВОЛЫНКА» ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағандыдағы «Abay Agro» кәсіпорнының «Волынка» сауда белгісімен шығарылатын шұжық және жартылай фабрикат өнімдері «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты жергілікті өкіл Амангелді Асқаров табыстады.

«Кәсіпорын Абай ауданында орналасқан. Технолог мамандардың қатысумен бірнеше рет аудит шаралары орындалды. Тағамдық қоспалары мен өзге де шикізаттары лабораторилық сынақтан өткізілді. Тексерістің оң нәтижесінен кейін сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді жергілікті өкіміз.

Кәсіпорынға берілген халал сертификаты 14.08.2023-13.08.2024 мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайы: Қарағанды обл., Абай ауданы, Абай қаласы, Гете көшесі, 2а.

АТЫРАУДА БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Атырау облысындағы «Muslima Halal food» және «Мар-ал» жартылай фабрикаттары, «Сыбаға» ет дүкені «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Облыстың бас имамы А.Ұтысханұылының жеке қабылдауында болған кәсіпорын өкілдеріне ресми түрде халал сертификаты табысталды. Сонымен қатар, «Атырау ет орталығы» қасапханасының басшысы Азамат Нұрланұлы «2023 жылғы ауыл шаруашылығының үздігі» марапатына ие болды.

«Өңірдегі халал кәсіпорындар саны ұлғаюда. Бұл жергілікті халықтың халал өнімге сұранысының артуы деп түсінеміз. Осы орайда, сертификатталған халал кәсіпорындар жұмысы мемлекет тарапынан да жоғары бағаланып, үздіктер қатарынан көрінуде. Мұндай нәтиже – «Халал Даму» мен жергілікті өкілдіктің белсенді қызметінің нәтижесі деп білеміз», – бас имам А.Ұтысханұлы.

АЛМАТЫ: «ASYQ ET» СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы қаласындағы «Asyq et» ет дүкені «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Ерлан Тайлақов табыстады.

«2016 жылдан бері халыққа адал қызмет көрсетіп келе жатқан кәсіпорын – бүгінгі таңда қаламыздағы сапалы, адал өнім ұсынатын ет дүкендерінің бірі. Ет дүкенінен жаңа сойылған қой, сиыр, жылқы еттерін, ұлттық сусындар мен сүт өнімдерін таба аласыздар. Мамандарымыз ет дүкенінде толыққанды аудит шараларын жүргізіп, кәсіпорын қызметкерлеріне халал турасында семинар өткізілді. Атқарылған шаралардың оң нәтижесінен кейін, «Asyq et» дүкеніне сертификат табыстау ұйғарылды», – дейді өкіліміз.

«Asyq et» дүкеніне берілген сертификат 21.11.2023-20.11.2024 мерзімі аралығында бір жылға жарамды. Ет дүкенінің мекен-жайы: М.Әуезов ауданы, Достық ы/а., Яссауи көшесі, 63.

АЛМАТЫ ОБЛ.: 35 МЕШІТ АСХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы облысындағы 35 мешіт асханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты облыстың бас имамы Мадияр Тағайбайұлы табыстады.

«Шариғаттың талабы, халалдың бастауы – мешіт асханалары болуы тиіс. Себебі, дін қызметкері ретінде халал стандарттау және сертификаттау шараларын өзіміздің басқаруымыздағы асханалардан бастауға тиіспіз. Осы орайда, Алматы облысы көштің басын бастап келе жатыр. Қазіргі таңда өңірдегі мешіт асханаларының біраз бөлігі халал талаптарына сай сертификатталды. Алдағы уақытта облыстағы мешіт асханалары түгелдей халал сертификатын алады деп жоспарлаудамыз», – дейді Мадияр Тағайбайұлы.

АЛМАТЫ ОБЛ.: ҚАСАПШЫЛАР МЕН МЕШІТ АСХАНАЛАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы облысындағы «Алель Агро» құс фабрикасының 12 қасапшысы «Қасапшы куәлігіне» ие болды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков қасапшыларға оқу-семинар өткізіп, шариғатқа сай мал бауыздаудың талап-тәртіптерін түсіндірді.

Сонымен қатар, Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты 5 мешіт асханасы сертификатталды. Сертификатты Қапшағай қалалық мешітінің наиб имамы Қаби Ринат пен аудан имамы Дауренбек Жандосұлы табыстады.

0 пікір
Мұрағат