Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
1 жыл бұрын 925 halaldamu.kz
«YARKO» ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Астана қаласында орналасқан «Арко Групп 2011» кәсіпорнының «Yarko» жуғыш және тазалаушы өнімдері сертификатталды. Сертификаттау шараларының оң қорытындысынан кейін, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы кәсіпорын өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Тазалық – дініміздің бір бөлігі. Күнделікті тұрмыс-тіршілікте қолданылатын жуғыш құралдардың халал болуы – тіршілігіміз бен құлшылығымыз үшін маңызды. «Yarko» өнімдерінің құрамы зертханада толықтай тексерілді, шариғатқа қайшы қоспалар жоқ. 70-ке жуық өнім түрлерін өндіретін кәсіпорын өндірісі халал талаптарына толықтай сай», – деген А.Асқарбекұлы отандық өнімдерді қолдануға, қолдауға шақырды.

АСТАНА: «MI AMOR» ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Астана қаласындағы тағы бір кондитерлік өнім «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры А.Асқарбекұлы табыстады.

«Mi Amor» кондитерлік цехын сертификаттау барысында толыққанды аудит шаралары орындалып, шикізаттары мен қоспаларын лабораториялық тексерістен өткізілді. Кәсіпорын қызметкерлеріне мен басшылығына халал стандарты бойынша оқу-семинарлар, түсіндіру шаралары орындалды. Тексеру актілерінің оң қорытындысынан кейін сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді сертификаттау шараларын жүргізген маман.

«Каиров» кәсіпорнының «Mi Amor» кондитерлік өнімдеріне берілген «QMDB Halal» сертификаты 20.10.2022-19.10.2024 ж мерзімі аралығында бір жылға жарамды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Ғ.Мүсірепов көшесі, 14/2.

ТҮРКІСТАН: «BQ BAL QYMYZ» ӨНІМІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Түркістан облысындағы «BQ Bal Qymyz» сауда белгісімен шығарылатын қымыз өнімі сертификатталды. Технолог мамандардың қатысуымен өндіріс орны толықтай бақылаудан өткізіліп, лабораториялық тексеріс жүргізілді.

«Қазақ қашаннан жылқылы ел болғаны белгілі. Оның балдай қымызы – шипалы сусын және дертке дауа. Көшпенді өмір салтын ұстанған ата-бабаларымыз құлынды биеден саумал сауу, одан дәмді қымыз даярлау әдісін ұрпаққа жеткізген. Осындай құнды ұлттық өнімімізді халал стандарты талаптарына сай дайындау арқылы қазақтың сусыны қымызды ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа танытуды көздейміз», – дейді кәсіпорын өкілі.

«Adil Sauda» кәсіпорнының «BQ Bal Qymyz» өніміне берілген «QMDB Halal» сертификаты 16.10.2023-15.10.2024 мерзімі аралығында бір жылға жарамды. Мекен-жайы: Түркістан облысы, Төле би ауданы, Ленгір қаласы, Абай көшесі, 2.

ҚЫЗЫЛОРДА: ЕКІ БІРДЕЙ КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

«Халал Даму» мамандарының Қызылорда облысына іс-сапары барысында өңірдегі екі бірдей кәсіпорын сертификатталды. Атап айтқанда, «Реджепова» кәсіпорнының «Мубарак» кафесі және Шиелі аудандық орталық мешітінің асханасы. Мешітке жиналған жамағат алдында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен облыстың бас имамы  Болатбек Ұласханұлы кәсіпорын өкілдеріне алғысын білдіріп, «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

«Өңірдегі халал кәсіпорындар саны күн санап артып келеді. Бұл – Сыр өңірі үшін жақсы нәтиже. Алайда, осы бағытымыздан таймай, кәсіпорындар санын одан да жоғары деңгейге жеткізуіміз қажет. Отандық халал өнімдерді қолдай отырып, ел экономикасының дамуына өз үлесімізді қосамыз деп сенемін», – деді А.Асқарбекұлы.

Еске сала кетейік, үстіміздегі аптада Қызылорда облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлер мен мешіт қызметкерлеріне оқу-семинары өткізілген болатын. 

0 пікір
Мұрағат