Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
2 жыл бұрын 866 halaldamu.kz
Жамбыл облысы: бірқатар кәсіпорындарға сертификаттар табысталды 

Жамбыл облысындағы кәсіпорындарға сертифткатты Жамбыл облысының өкілі Кәріпбаев Абылайхан табыстады.

Сертификат жаңартқан кәсіпорын:

"Қайсар" ЖК ет дүкені.

Жаңадан сертификаттаудан өткен кәсіпорындар;

АО "Алель Агро" құс фабрикасы;

"Эртаев" ЖК фаст-фуд өнімдері;

"Меркі - Ет" ЖШС қасапханасы.

Сонымен қатар 6 қасапшыға қасапшылық куәліктері мен сертификаттары табысталды.

БҚО: «Батыс-Нық» ет комбинаты сертификатталды 

 БҚО бойынша  Бас имамы Алибаев Самат Қанатқалиұлы және «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Асылбеков Асхат «Батыс-Нық» ЖШС кәсіпорнына «QMDB Halal» сертификаты мен қасапшылық куәлігін табыстады.

Ет өңдеу кешені «Халал Даму» мамандарымен толықтай тексерілді және шығарылатын өнім лабораториялық анализден өтті.

Мекен жайы: Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Чапаев-Жалпақтал 1 км тасжолы көшесі, 2;

Жарамдылық мерзімі: 15.02.2024 жылға дейін.

 

СҚО: «ПЕТРОПАВЛОВСКИЙ ХЛЕБОБУЛОЧНЫЙ КОМБИНАТ» сертификатталды 

 СҚО бойынша облыс бас имамы Хамзат Қажымұратұлы «ПЕТРОПАВЛОВСКИЙ ХЛЕБОБУЛОЧНЫЙ КОМБИНАТ» ЖШС кәсіпорнына «QMDB Halal» сертификатын табыстады.

Қазақстандағы бұрыннан бері жұмысын жасап келе жатқан кәсіпорындарының бірі Петропавл наубайханасы астық зертханасы астықты сатып алмас бұрын оның сапасын тексереді. Олар оны жақсы ұнға айналдырып, дәмді және ең бастысы пайдалы нан пісіру үшін ең жақсы шикізатты ғана алады. ПХБК 90 жылға жуық уақыт бойы тек табиғи нан пісірді. Комбинат басшылығы азық-түлік сапасына тікелей тәуелді өңір тұрғындарының денсаулығына қамқорлық жасауға бағытталған жолды ұстанады.

Алматы облысы: «Фабрика натуральных продуктов» ЖШС сертификатталды 

«Халал Дамудың» Алматы облысының жауапты инспектор-контролері Жанәбіл Жұмабеков «Yes! Eco!» сауда белгісімен танымал «Фабрика натуральных продуктов» ЖШС снек өндіруші мекемесіне сертификатын табыстады.

   «Yes! Eco!» мыңдаған адамдардың жүрегін жаулаған органикалық тағамдар өндіретін цехы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. 100% табиғи шикізаттан жасалатын отандық өнімі нарықта 2 жыл жұмыс жасауда. Фрипсылар мұқият таңдалған жақсы жемістерден жасалған. Фрипсы кептірілген жидектер сияқты бірақ қант қосылмай кептіліреді. Оларды үнемі тұтынуға болады, адам ағзасына пайдалы жеңіл тамақ болып табылады. 

@yeseco.kz өндіріс цехы халал талаптарына толықтай сай екенін хабарлаймыз!

0 пікір
Мұрағат