Халал сертификатын заңсыз пайдаланған шұжық цехы анықталды
Халал сертификатын заңсыз пайдаланған шұжық цехы анықталды
5 жыл бұрын 2328 muftyat.kz halaldamu.kz Халал өнімдерін стандарттау бөлімі

«Халал Даму» мамандары тарапынан жүргізілетін ай сайынғы тексеріс кезінде «ҚМДБ халал» таңбасын заңсыз пайдаланатын кәсіпорындар кездесіп жатады.

Осындай тексерістің бірінде «Халал Дамудың» Ақтөбе қаласы бойынша жауапты өкілі Абдисаламов Жарасхан «АМАН» сауда белгісімен шығарылатын шұжықтың «ҚМДБ халал» таңбасын заңсыз пайдаланғандығын анықтады.

Ақтөбе қаласы, Тарақұл көшесі 41а мекен-жайы бойынша тіркелген «СӘУЛЕБАЕВА Р.К» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі «АМАН» шұжық өнімдері басшылығына «Халал Даму» мамандары тарапынан «ҚМДБ халал» таңбасын заңсыз пайдаланбау және қаптамадан халал белгісін алып тастау жөнінде бірнеше рет ескерту жасалынды. Алайда, ескертуге құлақ аспаған кәсіпорын «ҚМДБ халал» таңбасын заңсыз пайдалануды доғарар емес.

Сол себепті, тұтынушылар назарына Ақтөбе қаласында шығарылатын «АМАН» шұжығының «ҚМДБ халал» таңбасының заңсыз екендігін хабарлаймыз.

Елімізде жарияланған төтенше жағдай аяқталғаннан кейін, «ҚМДБ Халал» таңбасын заңсыз пайдаланған «Аман» шұжығы кәсіпорнының қылмыстық ісі сотта қаралады.

0 пікір
Мұрағат