Халал сертификаты Сібір аймағында (фото)
|
ҚМДБ-ның қажылық және халал стандарттау бөлімі жанынан ашылған «Халал Даму» ЖШС тарапынан берілетін халал сертификаты еліміз аумағынан тыс көршілес елдерден де үлкен сұранысқа ие болуда. Солардың бірі Ресей Федерациясы, Сібір өлкесі, Томск қаласында орналасқан Солагифт және Сава компаниялары. Нулы орманымен танылған аймақ сан алуан ағаштарымен қоса пайдалы өсімдіктерге бай.
Ел аузында студенттер мен университеттер қаласы атанған Томск қаласында орналасқан Солагифт және Сава компанияларына арнайы іс-сапармен «Халал Даму» ЖШС-ның директор орынбасары Елжанов Әнуар халал сертификатын тапсырып қайтты.
Аталмыш компанияларды тексеру барысында өндірістің барлық технологиялық тізбегі бағаланды: шикізат қабылдау, қаптау, сақтау және т.с.с. Өнімдері толыққанды арнайы зертханадан өтіп, тексерістің оң нәтижесін көрсетті. Сонымен қатар, компания қызметкерлеріне маманның «Халал индустрия» турасында дәрісі тындалды.