Еліміздің әр аймағы бойынша соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Еліміздің әр аймағы бойынша соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
4 жыл бұрын 1766 halaldamu.kz ҚМДБ-ның Талдықорған, Қызылорда, Атырау, Қарағанды өңірлері бойынша баспасөз қызметі
Талдықорған: «Redmoon» балық өнімдері сертификатталды 

Талдықорған қаласында орналасқан «Redmoon» балық өнімдер тағам дәмханасы «ҚМДБ Халал» сертификатын алды.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша Бас имамы Оразбай Ардақ Нұсіпханұлы мен «Халал Даму» мекемесінің жауапты аймақтық өкілі Мухамед Ордыбай «Redmoon » ұйымының басшысы Жанатбеков Досжан Ақанұлы және Нурмуханбетұлына Даулет сертификат табыстады.

«Халал Даму» мекемесі жүргізген тексеріс нәтижесінде аталмыш дүкеннің кондитерлік өнімдерді өндіруге, дайндауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар халалдың стандартына сай екені анықталды. Сертификаттың жарамдылық мерзімі 10.02.2022

Қызылорда: «Food Zone» дәмханасы сертификатталды 

Қазалы ауданының бас имамы Берік Сүлейменов «Food Zone» дәмханасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «халал» сертификатын табыстады.

«Нурай» ЖК «Food Zone» дәмханасының өнімдері ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның тексеруінен өту барысында 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарының талаптарына сай екендігі расталды.

«Food Zone» дәмханасы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі, 66 үй мекен-жайы бойынша орналасқан.

Атырау: "Дастан" ет дүкені сертификатталды 

Атырау қаласында орналасқан "Дастан" ет дүкені "ҚМДБ Халал" сертификатын алды. "Иманғали" мешітінде "Халал Даму" мекемесінің аймақтық өкілі Қайрат Аманжолұлы "Дастан" мекемесі өкіліне сертификат табыс етілді.

"Дастан" ет дүкені Атырау қаласы Жұмыскер көпірі маңы, Сатыбалдиев көшесі 30 орналасқан. "Халал Даму" мекемесінің мамандары жүргізген тексеру нәтижесінде аталмыш дүкендерге 1:2016 "Мал бауыздау және ет өңдеу", 3:2016 "Халал" өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қоятын жалпы талаптар стандартына сай екендігін анықтады. Сертификаттың жарамдылық мерзімі: 24.02.2022

WhatsApp Image 2021-03-03 at 19.44.15.jpeg

WhatsApp Image 2021-03-03 at 19.44.42.jpeg

ҚАРАҒАНДЫ: «Happy Cake» кондитерлік өнімдері сертификатталды 

Қарағанды қаласында орналасқан кондитерлік өнімдер өндіруші «Cup & Cake» ЖК «Happy Cake» кәсіпорнына «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды. Кондитерлік өнімдер «Happy Cake» сауда белгісімен шығарылады.

«Халал Даму» ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдархманов кәсіпорнының өндіріс аймағында болып, бақылау-қадағалау шараларын орындады. Өндіріс аймағы санитарлық тазалық талаптарына толықтай сай, «ҚМДБ халал» стандартын бұзу жағдайлары анықталмады.

«Happy Cake» кәсіпорны «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылып, «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды.

Талдықорған: "Happy cake" кондитерлік өнімдері сертификатталды 

Талдықорған қаласында орналасқан «HAPPY CAKE» кондитерлік өнімдер дүкені «ҚМДБ Халал» сертификатын алды.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша Бас имамы Оразбай Ардақ Нұсіпханұлы мен «Халал Даму» мекемесінің жауапты, аймақтық өкілі Мухамет Ордыбай «HAPPY CAKE » ұйымының басшысы Смагулова Балжан Саметқызына сертификат табыстады.

«Халал Даму» мекемесінің жүргізген тексеріс нәтижесінде аталмыш дүкеннің кондитерлік өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге,сақтауға,тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар халалдың стандартына сай екені анықтады. Сертификат жарамдылық мерзімі 10.02.2022жылға дейін.

WhatsApp Image 2021-03-04 at 19.21.45.jpeg

WhatsApp Image 2021-03-04 at 19.21.45 (1).jpeg

0 пікір
Мұрағат