Елімізде алғаш рет имамдар халық алдында есеп бере бастады
Елімізде алғаш рет имамдар халық алдында есеп бере бастады
8 жыл бұрын 2948 inform.kz

Елімізде алғаш рет имамдар халық алдында есеп беруде.

Пилоттық жобаны алғаш болып  Оңтүстік Қазақстан облысының дін қызметкерлері жүзеге асырды. Өңірдің бас имамы  Ахметжан қажы Керімбек  бір айға жуық уақыт аралығында қала, аудан тұрғындарымен кездесіп,  олардың сан түрлі сауалдарына жауап берді.

Облыстың 9 қала, ауданын аралап шыққан дін қызметкері халықтың көкейінде жүрген бірқатар проблемаларымен танысқан. Бұл туралы бас имам дін саласы өкілдерінің  басын қосқан алқалы жиында сөз етті.

Ахметжан қажы Керімбек өзі есеп беріп болған соң, осындай шараларды қала, аудан имамдары да өткізетінін мәлімдеді. Жыл соңына дейін ауыл имамдарының есебін тыңдау жоспарланып қойған. Осылайша, діни көзқарас мәселелерін халықпен бірлесіп шешуге тырысуда.

Айта кетейік, ілкі жобаны қолдаған Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы енді барлық өңірлерде имамдардың есеп беруін енгізбек.

0 пікір
Мұрағат