Дубайда робот-шенеунік пайда болады
Дубайда робот-шенеунік пайда болады
8 жыл бұрын 2905 ummet.kz

Дубай билігі мемлекеттік қызметке жасанды зейінді роботтарды тартуды жоспарлайды. Аталмыш жобаны жасанды зейін бойынша Smart-зертхана (AI) жариялады. Компания өкілдері AI және жұмыс барысында «когнитивті есептеуді» енгізу мақсатында мемлекеттік құрылым және жеке сектор қызметкерлеріне арнайы курс өткізбек. «Болашаққа қадам басу үшін біз үкіметтің жұмыс қағидаларын қайта қарауымыз керек және мемлекеттік қызмет үдерісінде жасанды интелектіні енгізу қажет. Біз жаңа технологияларды қолданудан басқа тиімді тәсіл көріп отырғанымыз жоқ» деп хабарлады Smart Dubai Office директоы Аиша бин Бишр. Үдеріс мақсаты – Біріккен араб әмірлігі азаматтары мен Дубайдың барлық тұрғындарының мемлекеттік қызмет саласындағы жағдайын жеңілдету. Сәуір айында алғашқы трейнингке 200 адам қатысады, осыдан кейін курс барлық студенттер мен зерттеушілер ғалымдарға қолжетімді болады.

0 пікір
Мұрағат