|
ДІНИ-ТАНЫМДЫҚ ЖАҢА РАДИОБАҒДАРЛАМА ЭФИРГЕ ШЫҒАДЫ
|
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына есеп беру жиналысында ҚМДБ Баспасөз бөлімінің басшысы Ағабек Қонарбайұлы БАҚ бойынша жұмыс жоспарын баяндау барысында «Жұма мінбері», «Таным және тағылым» атты діни-рухани, танымдық радиобағдарламалар «Шалқар» радиосының эфирінен шығатынын хабарлады.
«Бұл – Мүфтият пен «Шалқар» радиосының бірлескен жобасы. Аталған радиобағдарламалар алдағы аптада эфирге шығады деп жоспарлануда. Хабардың қонақтары мен сарапшылары Діни басқарманың қызметкерлері болады», – деп атап өтті Ағабек Қонарбайұлы.
Жиналыста ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Маямеров бөлім басшысына БАҚ бойынша жұмыстарды жетілдіріп, тың идеяларды жүзеге асыруды тапсырды.