|
Діни басқармада Үндістанның Бас мүфтиі болды
|
Үндістанның Бас мүфтиі Ахмет Омар Ілияс іс-сапармен Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының Орталық аппаратында болды. Кездесуге келген қонақтар ҚМДБ-ның Аппарат жетекшісі Ғылымбек Жәдігерұлының қабылдауында болып, Діни басқарманың жұмысымен танысты.
Кездесу барысында екі ел арасында рухани қатынасты қалыптастыра отырып, ынтымақтастықты жүйелеу мәселелері қаралды. Сөз орайында, аппарат жетекшісі Ғылымбек Жәдігерұлы екі ел арасындағы рухани байланыстың айрықша орын алатынын жеткізді.
Кездесу соңында тараптар рухани саладағы байланыстың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Айта кетсек, Үндістанда 250 млн мұсылман бар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Аса жылдам әрі маневр жасау қабілеті жоғары жәндік робот жасалды (видео)