Бірқатар кондитерлік өнімдер шығаратын кәсіпорындар сертификатталды
Бірқатар кондитерлік өнімдер шығаратын кәсіпорындар сертификатталды
7 сағат бұрын 81 halaldamu.kz
«QAZAQSHA CHEESCAKE ALMATY» ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Алматы қаласындағы «Qazaqsha cheesecake Almaty» кондитерлік өнімдері «Халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай сертификатталды. 

Кәсіпорынның өндіріс орны, шикізаттары мен технологиялық процестері толықтай тексерістен өтіп, талаптарға сәйкестігі расталды.

«Qazaqsha cheesecake Almaty» кәсіпорнына берілген сертификат 10.12.2024-09.12.2025 жж аралығында 1 жылға жарамды. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Жетісу-3 ықшам ауданы, 25 үй.

«SARQYT ASTANA» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Астана қаласындағы «Sarqyt Astana» кондитерлік өнімдері «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Sarqyt Astana» кондитерлік кәсіпорнына бірнеше кезеңнен кезеңнен тұратын аудит жүргізілді. Алдымен, кәсіпорынның өндіріс процесі мен өнімдерінің халал стандартына сәйкестігін тексеру үшін қажетті құжаттары жинақталды. Сондай-ақ, өндірісте қолданылатын шикізаттар мен тағамдық қоспалардың халал, шариғат талаптарына сай болуына  ерекше көңіл бөлінді. Барлық тексерулер мен талдаулар қорытындысының оң нәтижесінен кейін,   «Sarqyt Astana» кәсіпорнына «QMDB Halal» сертификатын табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді жауапты маманымыз.

«Sarqyt Astana» кондитерлік өнімдеріне берілген халал сертификаты 25.09.2024-24.09.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Таскескен көшесі, 17Б

«ISKO» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында орналасқан «ISKO» кондитерлік өндіріс орыны «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Қазбек Сарыбаев өндіріс аумағында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, халал сертификатын табыстады.

Өндіріс орнын бақылау барысында өнімдердің дайындау технологиясы, қолданылатын шикізаттар мен қоспалардың халал стандарттарына сәйкестігі жіті тексерілді. Сертификаттау рәсімінде кәсіпорын басшылығы алдағы уақытта да халал талаптарын қатаң сақтайтындықтарын жеткізді. Халал стандарттарының орындалуын бақылау және тұтынушыларға адал өнім жеткізу мақсатында тексеру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.

«ISKO» кондитерлік кәсіпорнына берілген сертификаты 21.11.2024-20.11.2025 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы, Яшнабад ауылы, Авиясозлар 2, 53 үй.

0 пікір
Мұрағат