Ауыл тұрғындарына артезиан құдығы тарту етілді
Ауыл тұрғындарына артезиан құдығы тарту етілді
5 жыл бұрын 4706 muftyat.kz Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі

Семей өңіріне қарасты Бесқарағай ауданының Қарабас ауылында мешіт имамдарының ұйымдастыруымен 30 метрлік тереңдікте қазылған артезиан құдығы ауыл тұрғындарына тарту етілді.

Қуаныштың ортасында болған Семей өңірінің бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы игілікті іске қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдіре келе: «Дінімізде құдық қазу сауапты іс болып саналады. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Садақаның жақсысы – шөлдеген кісіге су беру», – десе, дана халқымыз: «Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді», – деген екен. Алдағы уақытта да  осындай сауапты шаралар жалғасын табады», – деді.

Ауыл тұрғындары  өздеріне арнайы көңіл бөліп, үлкен сый жасаған бас имам Асқар Әбітайұлына алғыс айтып жәнеде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерей тойымен құттықтады.

0 пікір
Мұрағат